07 сәуір 2014 14:44

Павлодар маңындағы қаза болған отбасының үйінен өлім алдындағы хат табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаза болған отбасының суреті. ©Тengrinews.kz Қаза болған отбасының суреті. ©Тengrinews.kz

Павлодар қаласының маңындағы қаза болған отбасының үйінде өлім алдындағы хат табылды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   


Павлодар қаласының маңындағы қаза болған отбасының үйінде өлім алдындағы хат табылды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

"Қаза болған отбасының үйіннен өлім алдындағы хат табылды. Мәтінде туған-туыстарының аты-жөндері аталған. Одан әрі отбасының дүкендегі қарызын өтеуді өтінген", - дейді Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі. Өлім алдындағы хатты кім жазған, ол жағын полиция анықтау үстінде. "Табылған хат сараптамаға жіберілді", - деді ІІД баспасөз қызметі. Отбасының кімге, қанша ақша және не үшін қарыз болғаны әзірше белгісіз.

Еске сала кетейік, Павлодар ауылындағы жеке үйлердің бірінде ер адам мен әйелдің, сондай-ақ екі баланың денесі табылған болатын. Қаза болғандарды 6 сәуір күні отбасы жалға алған үйдің иесі тапқан. Полицияның мәліметінше, бес жасар ұл мен алты жасар қыздың денесі пышақ жарақатымен кереуеттің үстінде табылған. Сонымен бірге балалардың 35 жастағы анасы да пышақ жарақатынан қайтыс болған. Полицейлердің нұсқасы бойынша отағасы бірінші жары мен балаларын пышақтап, артынша өз-өзіне қол жұмсаған. Енді әйел мен екі баланың өліміне қатысты "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қайтыс болғандардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети