02 мамыр 2014 09:48

Павлодар облысында 800 гектар алқап өртке оранды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: chita.ru Сурет: chita.ru

Павлодар облысында 800 гектар алқап өртке оранды, - деп хабарлайды tengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Павлодар облысында 800 гектар алқап өртке оранды, - деп хабарлайды tengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл жағдай Ертіс ауданына қарасты Иса Байзақов ауылында болған. Алқаптың өртенуі 1 мамыр күні сағат 17.00 шамасында басталған. Өрт сөндіру үшін ТЖМ-нің Павлодар облыстық департаментінің 5 маманы мен бір техникасы және "Мұрат" шаруақожалығының 5 азаматы мен бір техникасы жұмылдырылды. Олар өртті түнде ауыздықтады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Сондай-ақ Павлодардың "Металлург", "Яблонька" және "Южный" саяжай учаскелерінде де өрт болды. Қамыс пен құрғақ шөптің тұтануы салдарынан 1 мамыр күні 13.00 шамасында басталған өрт 2 гектар жерді және 76 саяжай аумағын қамтыды. Тілсіз жау 39 саяжай құрлысын бүлдірген. Отты өшіруге жеке құрамдағы 39 адам және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 5 техникасы жұмылдырылды. Тілсіз жау 21.00-де ауыздықталды.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети