17 шілде 2015 17:54

Павлодар облысында ауыл әкімдері шаруаларға ауа райын хабарлап отыратын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© restartgame.livejournal.com © restartgame.livejournal.com

Павлодар облысының басшысы ауыл әкімдеріне жаңа міндет тағайындады, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.


Павлодар облысының басшысы ауыл әкімдеріне жаңа міндет тағайындады, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Порталдың мәліметінше, Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев ауыл басшыларына шаруаларға күн райының өзгерістері туралы хабарлап отыруды ұсынды.

"Ауылдық округ әкімдерінің қызметтік міндеттеріне шаруа қожалықтары мен қарапайым жұртшылықты ауа рауының өзгерістерін хабарлап отыру енгізілсін. Сонымен қатар, шөп шабу науқыны мен ұсақ қара малды қырқу кезінде төрт түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүктеймін. Қазақ - сандаған ғасыр бойы мал өсірудің игілігін көрген халық, дегенмен үй жануарларының өлімі тыйылар емес. Ұятты жағдай", - деді Бозымбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысында суықтан 2 мыңнан аса қой-ешкі қырылған болатын. ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының өкілдері мал қырқылған соң суық тиіп өлді деген тұжырым жасады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети