18 маусым 2014 22:17

Павлодар полицейлері имидждерін өзгертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Павлодар  облыстық ІІД баспасөз қызметінің фотосы © Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің фотосы ©

Павлодар полицейлері имидждерін өзгертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 


Павлодар полицейлері имидждерін өзгертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Полиция қызметкерлері бұдан былай қала көшелерін күзетуде тек аппақ көліктермен жүретін болды. Полицейлерді ІІД бастығы Сұлтан Күсетов бірыңғай нұсқамалармен таныстырды. 

"Ақ түс тазалықтың, адалдықтың, әділдіктің, ашықтықтың белгісі. Сондықтан бүгіннен бастап Павлодар қаласының полиция қызметкерлері қала тұрғындарының тыныштығын, қоғамдық тәртіпті күзету үшін қара көлікпен емес, ақ түсті көлікпен жүріп қызмет етеді", - деді Күсетов. 

Оның айтуынша полиция қызметкерлерінің ақ түсті көлікке ауысуы олардың жұмыс істеу деңгейінің жоғарылауына, адамдардың сеніміне кіруіне ықпал етуі тиіс.

Халық арасында "қара қарға" келеді деген сөз бар. Алдағы уақытта қала халқы полиция қызметкерлерін әділет үшін күресетін адал жандардай көрсе екен дейміз.

Жалпы сап түзеу аяқталғанан кейін ақ түске боялған УАЗ көліктері бірден қызметтеріне аттанды. Павлодарлық полицейлердің айтуынша, олардың имидждерінің өзгеруі болашақта халық арасында олар туралы қалыптасып қалған жағымсыз пікірлерді жоюға, полиция қызметкерлерінің кәсібилігіне күмән келтірушілердің ойын өзгертуге ықпал етпек. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети