05 сәуір 2017 16:44

Павлодарда кафе қонақтарын ұрып-соққан күзетшілерге рақымшылық жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда кафе қонақтарын ұрып-соққан күзетшілерге рақымшылық жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда кафе қонақтарын ұрып-соққан күзетшілерге рақымшылық жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы "Элекор" ЖШС қызметкерлері Святослав Комлев пен Ернар Сейітқановқа қатысты үкімді өзгертті. "Апелляциялық сот сотталған Комлевқа рақымшылық жасап, өтелмеген жаза мерзімін қысқартып, қалған мерзімін 3 жыл 2 ай 22 күн етіп белгіледі", - делінген Павлодар облыстық қылмыстық істер бойынша сот алқасының үкімінде.

Екінші сотталушы Сейітқановтың да қамау мерзімі қысқартылды. Оның жазасын өтеу мерзімі 3 жыл 4 ай 16 күн деп белгіленді. Алайда сот сотталушы Сейітқановтың адвокатының оның бұршақ баллонын қолданбағаны жайлы өтінішін қанағаттандырмады.

Cондай-ақ, сотталушылардың адвокаттары қорғалушыларының баптарын өзгертуді сұрады. Комлевтың адвокаты бірінші инстанциялы соттың қорғалушысының әрекеттерін дұрыс емес саралағанын айтты. Алайда апелляциялық сот бұл сөздерді негізсіз деп санауды шешті.

Биыл қаңтар айында 39 жастағы Святослав Комлев пен 28 жастағы Ернар Сейітқанов 4 жыл 6 айға қамауға алынған болатын. Олар "Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану" бабы бойынша айыпталған болатын.

Еске салайық, Павлодарда автомат асынғандардың ер адамдарды аяусыз ұрып-соққан видеосы пайда болған еді. Ролик кадрларында автомат асынған және форма кигендер кафелердің бірінде ер адамдарды аяусыз ұрып-соққаны көрінеді. Видеоға түсіріп отырғандар оларды сабырға шақырады. Алайда олар құлақ аспайды.

Ал кейінірек Павлодарда кафеге келушілерді ұрып-соғу оқиғасына қатысты ІІМ басшысы пікір білдірген болатын. "Нақтысын айтайын. Кафе күзет құрылымымен келісімшартқа отырған, күзет құрылымының лицензиясы бар, қарулануға да лицензиясы бар. Шын мәнінде ішіп алған жігіттер есеп айырыспай, кетуге асыққан. Күзетшілер келіп, оларды төлеуге мәжбүрлеген. Осыдан кейін әр тараптың өз шындығы бар. Біреулері қаруды алып қоя жаздады, тіпті оғын алып қойды дейді. Қазір бұл іс тергеліп жатыр. Сондықтан қандай да бір пікір айту қиын. Жауап алынады, бетпе-бет жүздестіреді. Барлық видеоматериал зерттеледі", - деді ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов үкімет отырысының барысында. Сонымен қатар, кафе қонақтарын ұрып-соққан күзетшілер 7 жылға дейін сотталуы мүмкін екені де хабарланған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети