05 қазан 2016 12:52

Павлодарда кафеге келушілерді ұрып-соғу оқиғасына қатысты ІІМ басшысы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Павлодарда кафеге келушілерді ұрып-соғу оқиғасына қатысты ІІМ басшысы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда кафеге келушілерді ұрып-соғу оқиғасына қатысты ІІМ басшысы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нақтысын айтайын. Кафе күзет құрылымымен келісімшартқа отырған, күзет құрылымының лицензиясы бар, қарулануға да лицензиясы бар. Шын мәнінде ішіп алған жігіттер есеп айырыспай, кетуге асыққан. Күзетшілер келіп, оларды төлеуге мәжбүрлеген. Осыдан кейін әр тараптың өз шындығы бар. Біреулері қаруды алып қоя жаздады, тіпті оғын алып қойды дейді. Қазір бұл іс тергеліп жатыр. Сондықтан қандай да бір пікір айту қиын. Жауап алынады, бетпе-бет жүздестіреді. Барлық видеоматериал зерттеледі", - деді ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов үкімет отырысының барысында. 

Қасымов қақтығысқа қатысушылардың барлығына айып тағылатынын айтты: "Екі тарапқа да заңға сәйкес айып тағылады. Нақты айта аламын", - деді ІІМ басшысы.

Еске салайық, Павлодарда автомат асынғандардың ер адамдарды аяусыз ұрып-соққан видеосы пайда болған еді. Ролик кадрларында автомат асынған және форма кигендер кафелердің бірінде ер адамдарды аяусыз ұрып-соққаны көрінеді. Видеоға түсіріп отырғандар оларды сабырға шақырады. Алайда олар құлақ аспайды. Кейін бұл оқиғаның мән-жайы белгілі болған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети