28 қыркүйек 2015 18:19

Павлодарда мас күйінде көлік жүргізген депутат партия билетінен айырылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© cugetliber.ro © cugetliber.ro

Павлодар мәслихатының депутаты Петр Вырвинский мас күйінде көлік жүргізгені үшін "Нұр Отан" партиялар қатарынан қуылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партияның облыстық филиалының баспасөз хатшысына сілтеме жасап.


Павлодар мәслихатының депутаты Петр Вырвинский мас күйінде көлік жүргізгені үшін "Нұр Отан" партиялар қатарынан қуылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партияның облыстық филиалының баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

Айбек Жұматовтың айтуынша, депутаттың партияда қалатыны немесе қалмайтынын таяуда белгілі болады. "Оның бұл қылығы партия мүшесіне жараспайды деп ойлаймыз. Депутатты партиялық жауапкершілікке тарту мәселесі партия бюросының 30 қыркүйекте өтетін отырысында қаралады. Партия қаулысы бойынша, ол партия билетінен айырылуы мүмкін", - деді Айбек Жұматов.

Айта кетейік, өткен аптада сот депутатты үш жылға көлік жүргізу құқығынан айырды. Ер адам қаланың орталық көшелерінің бірінде тоқтатылған. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін халық қалаулысына қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Депутат Вырвинскийдің қан құрамында алкогольдің бар екендігі медициналық куәландыру арқылы расталды.

Айта кетейік, 53 жастағы депутат азаматтардың құқығы мен заңдылығын сақтау бойынша қалалық мәслихаттың комиссиясына мүше.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети