19 қыркүйек 2017 13:42

Павлодарда трамвай басып кеткен қыз ауруханадан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Павлодарда трамвай басып кеткен қыз ауруханадан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда трамвай басып кеткен қыз ауруханадан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау басқармасындағылар, 19 қыркүйекте таңғы уақытта 8 жастағы Маралдың ауруханадан шығарылғанын хабарлады. "Қыздың жағдайы жақсы. Ауыр жарақаттар алғанына қарамастан тез уақытта қайта қалпына келді. Баланың жасы кішкентай болғаны да жақсы әсер етті. Енді әрі қарай ем алудың қажеті жоқ. Психологтан кеңес алып, дұрыс ұйықтауға кеңес бердік", - деді өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Осыған дейін қыздың туыстары оның қашан ауруханадан шығатынын айтқысы келмеген болатын.

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 7 қыркүйекте Ломов пен Қатаев көшелерінің қиылысында сағат 7:43-те болған. 2007 және 2009 жылғы қыздарды трамвай басып кеткен. Амал не, бірі қаза тапты, екіншісі жансақтау бөліміне түскен.

Павлодарлық трамвай басқармасының баспасөз қызметіндегілер көліктің оқиға кезінде бірінші маршрут бойынша алюминий зауытына бара жатқанын айтты. Тізгінде бес жылдық тәжірибесі бар 1987 жылғы қыз болған.

Балалар Павлодардағы №4 орта мектепте оқыған. Оқу мекемесіндегілер қыздардың апалы-сіңлілі екенін айтады. "Бұл оқиға енді ғана болды. Апалы-сіңлілер, екінші және төртінші сыныпта оқиды", - деп хабарлады мектептегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети