16 ақпан 2015 09:49

"Победители" жобасы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігі жайлы баяндайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz сайтынан скриншот Тengrinews.kz сайтынан скриншот

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай Tengrinews.kz "Победители" жобасы шеңберінде соғысқа қатысқан және тылда еңбек еткен қазақстандықтар туралы мәліметтер мұрағатын жариялай бастайды. 


Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай Tengrinews.kz "Победители" жобасы шеңберінде соғысқа қатысқан және тылда еңбек еткен қазақстандықтар туралы мәліметтер мұрағатын жариялай бастайды. 

"Победители" жобасының іске қосылатыны туралы біз 2014 жылдың 9 мамырында хабарлаған болатынбыз. Бірнеше ай ішінде соғыс ардагерлерінің туыстары мен жақындарынан жүздеген хат келді. Хаттар майдангерлердің сұрапыл шайқастар туралы жан ауыртар естеліктері мен олардың ерлігіне деген мақтаныш сезімдеріне толы. Мысалы, бір хатта сержант Сағанай Құлжановтың немерелері аталарына алғыс білдіреді: "Атамыздың өмірден өткеніне отыз жыл болды. Бірақ ұрпақтарының - оның он алты немересі мен жиырма бес шөбересінің санасында ол мәңгі өмір сүретін болады. Біз атамызға және бізге бейбіт аспан, ашық күн, бақыт пен өмір сыйлаған барлық адамға алғыс айтамыз. Сіздерге осы үшін рақмет!"

Бүгінде тоқсаннан асып бара жатқан көзі тірі соғыс ардагерлерінің кейінгі ұрпаққа айтары көп. Біз өз отаны мен өз халқына деген махаббаты жолында жанын пида етіп, ешбір атақ-даңқты ойламаған адамдардың бейнеүндеуін жазып алдық. Ол - мәңгілікке арналған жолдау. "Победители" жобасының кейіпкерлері жастарға адал да қарапайым болуды өсиет етеді. Олар өскелең ұрпақтың спортпен айналысқанын, олардың рухани күшті жетілдіргенін қалайды. Майдангерлердің басты тілегі - елімізде ешқашан соғыс болмасын деген. 

Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлауға үш айдай уақыт қалды. Бұл айтулы мерейтой лайықты аталып өтуі тиіс. Біз әрбір қазақстандықты баға жетпес тарихтың мұрағатын толықтыруға атсалысуға шақырамыз. Картотеканы аты-жөніңізді, батырдың атын, оның соғыс жылдарындағы өмірі туралы қысқа әңгімені жазып толтыра аласыз, сондай-ақ арнайы формаға фотосуретті жүктеуге болады.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети