09 желтоқсан 2014 20:20

Полицейдің қатысы бар жол апатынан зардап шеккен әйел 700 мың теңге өндіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бібігүл Қадырбекова. ©Nv.kz Бібігүл Қадырбекова. ©Nv.kz

Қарағандыда жол апатынан зардап шеккен Бибігүл Қадырбекова ішкі істер департаментінен 700 мың теңге өндіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, 2013 жылы жаяулар жолынан өтіп бара жатқан оны полицей қағып кетіп, ізін жасырған болатын.


Қарағандыда жол апатынан зардап шеккен Бибігүл Қадырбекова ішкі істер департаментінен 700 мың теңге өндіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, 2013 жылы жаяулар жолынан өтіп бара жатқан оны полицей қағып кетіп, ізін жасырған болатын.

Шешімді Қазыбек би аудандық 1№ соты шығарды. "Сот арызды ішінара қанағаттандырады және моральдық шығынды 700 мың теңге көлеміндегі өтемақы жеткілікті деп есептейді", - судья Райхан Өскембекова, Айта кетейік, Қарағандыда болған жол-көлік оқиғасынан зардап шегіп, мүгедек болған Қадырбекова ішкі істер департаментінен 40 миллион теңге талап етті. "Соттың шешімі маған сенім білдірген адамның пайдасына шықса да, сот актісіне көңіліміз толмады, себебі моральдық шығынның өтемақы сомасы өте аз. Менің сенім білдірушімнің зардап шеккен уақытындағы жағдайын, моральдық қиыншылықта болған кезін және емделу кезіндегі ауырлықты ешкім де ақшамен өлшеп бере алмайды", - деді қоғам қорғаушысы, заңгер Әбілда Әбдікәрімов. Ол Қарағанды облыстық сотына апелляциялық арыз дайындап жатыр. 

Еске сала кетейік, жол полицейінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы Қарағандыда 2013 жылдың 12 қарашасында болды. Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің жол-патруль полициясының инспекторы Мәди Рахымберлин қызметтік автокөлікті жол полицейі формасын киіп басқарып келе жатып, жаяу жүргінші өтетін жолда Қадырбекованы қағып кетеді де із жасырады. Ішкі істер департаменті оның жол апаты болған жерге қайтып келгенін айтады. Бірақ куәгерлер оны көрмегенін айтты. Зардап шеккен әйел екінші топтағы мүгедектік алды. Оның басы жарылып, аяғы сынды.   

Айта кетейік, жол апатынан кейін Рахымберлин жағымсыз себептермен жұмыстан шығарылды. Бірақ қылмыстық жазаға тарту әрекеті болмады, ол жол-көлік оқиғасы болған жерге келді, ал арызданушы жасап жатқан әрекетінің қауіпсіз екеніне көз жеткізбестен жолға өзі жүгіріп шықты делініп, полицейге қатысты қылмыстық іс қозғалмады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети