09 ақпан 2018 17:09

Полицейлер кептелісті қалай айналып өтуге болатынын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет © Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық сурет © Тұрар Қазанғапов

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті кептелісті жүргізуші куәлігінен айырылып қалмайтындай айналып өту жолдарын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті кептелісті жүргізуші куәлігінен айырылып қалмайтындай айналып өту жолдарын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Кез келген жүргізуші кептеліс, ЖКО кезінде жолды жауып қалуына тап болған шығар. Оны қалай айналып өтсе болады? Айналып өтуге көруге мүмкіндік болмаса жолақты кесіп өтуге бола ма? Күту керек. Әдетте мұндай жағдайда полициця жылдам келеді де, жүрісті реттейді", - деп жазыпты Facebook желісіндегі парақшасына ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина-Костерева.

Жол жүру ережесі бойынша, кептеліс немесе жол үстіндегі көлік кедергі емес. 

"ЖЖЕ бойынша жүруге мүмкіндік бермейтін, қозғалмайтын зат жүруге кедергі", - деп түсіндірді Лукьянина. Ол бір сызықты жол белгісін өзге амал жоқ болған жағдайда кесіп өтуге болатынын атап өтті. 

"Алайда кептеліс немесе ЖКО кедергі болмайтындықтан, оларды айналып өту кезінде бір сызық түріндегі жол белгісін де кесіп өтуге болмайды. Бұл үшін ескерту немесе 3 АЕК түрінде айыппұл салынады. Ал екі сызық түріндегі жол белгісін ешқандай жағдайда кесіп өтуге болмайтынын атап өту қажет. Мұндай жағдайда жүргізуші қарсы бағытқа шығып кеткендіктен, куәлігінен 6 айға дейін айырылады. ", - дейді ол. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети