06 ақпан 2023 10:01

Полицейлердің парасаттылығы жасырын тексеріледі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

ІІМ парасаттылыққа тексерудің алғашқы нәтижесін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


ІІМ парасаттылыққа тексерудің алғашқы нәтижесін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын бекітті. 2023 жылы оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында құқық қорғау және сот органдарында парасаттылыққа тексеруді немесе integrity check енгізу тетігін пысықтау көзделген.

11 қаңтарда парасаттылыққа тексерудің пилоттық жобасының іске қосылғаны хабарланды.

Ведомствода полицейлердің күнделікті жұмысына барынша жақын ситуациялық кейстер, оларға ден қою нұсқалары және тексерілетін адамдардың іс-әрекеттерін бағалау критерийлері әзірленгені айтылды. Ең алдымен күнделікті халықпен байланыста болатын бөліністердің қызметкерлері тексеруден өтті. Бұл патрульдік полиция, ювеналды полиция, көші-қон қызметі, учаскелік полиция пункттерінің, модульдік және стационарлық бекеттердің, фронт-офистер мен кезекші бөлімдердің қызметкерлері.

Бастапқы кезеңде азаматтармен қарым-қатынас құру, қызметкерлердің олардың өтініштеріне жедел әрекет ету қабілетін тексеруге баса назар аударылған. Сондай-ақ, қызметкердің сыртқы түрі, яғни нысандық киімі, материалдық-техникалық жарақтандырылуы, қызметтік планшеттерді, бейнетіркегіштерді, жетондарды, автокөліктерді мақсатты пайдалануы бағаланды.

Қаңтарда Астана, Алматы қалаларының, Алматы, Қарағанды, Павлодар және Жетісу облыстарының полиция департаменттерінде тексерулер жүргізілген.

"Жоба іске қосылған қысқа мерзімге қарамастан тексеру нәтижелері өз тиімділігін көрсетті. Өтініштерге жедел қызмет көрсетіле бастады, қызметкерлер өз жұмысына жауапкершілікпен қарауға, дұрыс және сыпайы жауап беруге ұмтылып жатыр.

Бұл қызмет көрсету моделінің принциптеріне сәйкес келеді. Сонымен қатар, тексеру профилактикалық тұрғыдан да әсер етті. Өткен айда анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтардың саны едәуір өсті", - делінген хабарламада.

Мысалы, тек Астана қаласында жол қозғалысы ережелерін бұзудың жалпы саны 23 800-ге дейін жеткен:

  • мас күйінде көлікті басқару – 187;
  • құжатсыз немесе жүргізу құқығы жоқ адамның басқаруы – 603;
  • қозғалыс барысында басымдық бермеу – 216;
  • міндетті сақтандыру туралы заңнаманы бұзу – 771;
  • қозғалыс жылдамдығын асыру – 16 600;
  • жолаушыларды тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамау – 1195;
  • телефонды пайдалану – 313.

ІІМ мәліметінше, полицейлер тексерулер туралы біле отырып, барлық өтініш берушілерден ықтимал тексерушілерді көріп, өздерінің міндеттерін адал орындайды.

Пилоттың басталуымен полиция қызметкерлерінің оларға пара беру әрекеттері туралы хабарлауы да артқан.

Биыл қаңтарда былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда мұндай деректер саны 3 есеге жуық өсті. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері, сондай-ақ олардың қызметтік автокөліктері мен үй-жайлары ақпаратты автоматты түрде жедел басқару орталықтарына жіберетін заманауи фиксаторлармен жабдықталған.

"Лауазымды адамға пара бергені үшін айыппұл салуды немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыруды көздейтін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз. Полиция қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде оларға бағынбау мен қарсылық көрсетуге жол берілмейтіні туралы хабарлаймыз. ​

Жыл басынан бері осындай 19 факт, сондай-ақ билік өкілін қорлаудың 44 дерегі тіркелді. Азаматтарды заңға бағынуға және заңсыз әрекеттерді жасамауға шақырамыз. Бопсалау жағдайында ІІМ-нің өзіндік қауіпсіздік қызметіне немесе 1402 сенім телефонына дереу хабарлау қажет", – деді ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети