31 қаңтар 2024 11:22

Полиция алматылықтарға кептеліс туралы ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматы Полиция департаменті қала тұрғындарына 1-2 ақпан күндері жолдарда болуы мүмкін шектеулер туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы Полиция департаменті қала тұрғындарына 1-2 ақпан күндері жолдарда болуы мүмкін шектеулер туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1-2 ақпанда Алматыда Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей үкімет басшыларының және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы төрағасының қатысуымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді. Дәстүрлі түрде Алматы жыл сайынғы DigitalAlmaty форумын өткізетін алаң. ЕЭКА халықаралық форматы мен "DigitalAlmaty 2024: Индустрия X" форумы саяси және қоғам қайраткерлерінің, әртүрлі елдердегі сарапшылық топтардың жетекші өкілдерінің және IT бизнес көшбасшыларының қатысуын қарастырады", - деп хабарлайды қалалық полиция.

Іс-шараның ауқымы мен күтілетін қонақтардың санын ескере отырып, көлік қозғалысына ішінара шектеулер болуы мүмкін екені хабарланды:

  • 1 ақпанда Әл-Фараби даңғылы, ҮАААЖ, Құлжын тракті, Сайын, Шаляпин, Майлин, Бұқтырма көшелері учаскелерінде түзетулер болуы мүмкін;
  • 2 ақпан – Әл-Фараби, Сейфуллин даңғылдарында, Сайын, Жароков, Шаляпин көшелерінде.

Жол шектеулері қоғамдық көліктерге әсер етпейтіні атап өтілді.

Полицейлер азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды және кептелістерді болдырмау үшін алдын ала бағытты реттеуді сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.85   490.7   4.99 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети