06 мамыр 2015 18:00

Порошенко Астанаға келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Украина президенті Петр Порошенко Астанаға келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Украина президенті Петр Порошенко Астанаға келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко екіжақты ынтымақтастықтың келешегі мен өзекті мәселелерін, соның ішінде Украина президентінің Астанаға сапарының ұйымдастырылуы жайын талқылады", - делінген хабарламада. Айта кетейік, екі елдің басшысы бұл мәселелерді телефон арқылы талқылады.

Еске сала кетейік, биыл ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев Украина президентін Қазақстанға шақырған болатын.

Назарбаев 2014 жылы желтоқсан айының басында Киевке жұмыс сапарымен барып, Порошенкомен және премьер-министр Арсений Яценюкпен кездескен болатын. Қаңтар айының ортасында Луганск облысына Қазақстаннан гумманитарлық көмек жіберілген еді. Сонымен қатар, қаңтарда "норманд төрттігі" кездесуі Астанада өтеді деп жоспарланған, бірақ кездесу белгісіз мерзімге ауыстырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети