27 тамыз 2021 16:46

Познер әкімдіктен күштеп шығарылған журналистің оқиғасы туралы пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Познер Жетінші арнаның "Студия 7" жобасында тікелей эфирде сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Владимир Познер Жетінші арнаның "Студия 7" жобасында тікелей эфирде сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарлама шығарылымы "Хабар 24" телеарнасы тілшісінің оқиғасы туралы. Журналисті Алатау облысы әкімдігі ғимаратынан күзетшілер күштеп шығарып жіберген.

Познердің айтуынша, ақпаратқа қолжетімділік пен мемлекеттік қызметкерлердің ашықтығы бүкіл қоғам үшін маңызды.

"Журналист ақпаратсыз жаза алмайды. Оған тосқауыл қойылса журналист өзінің кәсіби міндетін атқару мүмкіндігінен айырылады, ал міндет - халыққа болып жатқан оқиғалар туралы хабарлау. Егер билік бұлай жасаса, бұл олар журналистерден қорқатынын және бұл мамандыққа барлық жолмен кедергі келтіруге тырысатынын көрсетеді", - деді тележүргізуші.

Журналист ақпараттың қолжетімсіздігіне өзі де тап болғанын айтты.

"Әрине, мұндай жағдай мен адамдар маған да бірнеше рет кездескен. Тек мемлекеттік қызметпен байланысты емес, қандай да бір себептермен келуден бас тартатындар да бар (сұхбатқа). Дегенмен, менің шағымданғаным күнә болар. Көбінесе келеді. Келмейтіндер бар, онда ақпаратты басқа жолмен іздеуге тура келеді.

Сайып келгенде, менің көзқарасым - саясаткерлер, үкімет мүшелері, депутаттар журналистер сұрағына жауап беруге міндетті. Бұл олардың міндеті. Олар өздерін таңдаған адамдарға, олар не істеп жатқанын, қандай шешімдер қабылдағанын, не үшін бұл шешімдерді қабылдағанын айтуы керек. Әзірге Ресей Федерациясында мұндай түсінік жоқ, борыш сезімі жоқ. Бірақ Қазақстанға келер болсақ, өзіңіз түсінгеніңіздей, менің шешім айтқаным дұрыс болмас", - деді ол.

Познердің айтуынша, адамдар журналистика туралы дұрыс түсінік қалыптастыруы керек.

"Менің айтарым мынау. Әрине, Мемлекет басшысы немесе премьер-министр үкіметті жинап, "егер сізді шақырса, бару керек" деп айтуына болады. Бірақ мұнымен мәселелер шешілмейді. Адамдар арасында журналистикасыз қоғам дами алмайды деген түсінік қалыптастыру керек.

Егер нақты жағдайға қарайтын болсақ, онда тоталитарлық жүйе болған немесе ол әлі де бар елдің бәрінде журналистика жоқ екенін көреміз. Өйткені журналистика жасырғыңыз келетін нәрсені ашып, қазып, табады. Біз қоғамның бұл қажет деген қорытындыға келуін қамтамасыз етуіміз керек. Бұл біртіндеп жүретін процесс", - деп қорытындылады жүргізуші.

Айта кетейік, "Хабар 24" журналисі Алматыда әкімдік ғимаратынан күштеп шығарылғаны хабарланған болатын. Оқиғаның видеосын тілші Facebook-парақшасында жариялады. Бұл жағдай бүкіл БАҚ өкілдері мен ел назарын аудартты. Кейінірек Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігі жағдайға түсінік берді.

Сондай-ақ, ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева оқиғаға қатысты Facebook-парақшасында жазба жариялады. Ол Алатау облысы әкімдігіндегі күзет қызметкерінің әрекеті заңсыз екенін жазды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.14   490.7   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети