01 қыркүйек 2023 15:46

Президент Әкімшілігінің құрылымы қайта құрылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Әкімшілігінің құрылымы қайта құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Президент Әкімшілігінің құрылымы қайта құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымын қайта құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Осы құжатқа сәйкес Президент Әкімшілігінің жаңартылған құрылымына келесі лауазым иелері кіреді:

  • Президент Әкімшілігінің Басшысы;
  • Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;
  • Президент Кеңсесінің Бастығы;
  • Президенттің көмекшілері;
  • Президенттің кеңесшілері;
  • Президент Әкімшілігінің бөлімдері.

Жарлыққа сәйкес:

  • ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері бойынша;
  • экономикалық мәселелер бойынша;
  • халықаралық мәселелер бойынша;
  • құқықтық мәселелер бойынша;
  • ғылым және инновация мәселелері бойынша Президенттің көмекшілері лауазымдары енгізіледі.

Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары лауазымдары жойылады. Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің төрт бөлімі қысқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.9   490.7   4.95 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети