18 сәуір 2014 15:53

Президент жастарды дұрыс жолға салуға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жастарды дұрыс жолға салуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жастарды дұрыс жолға салуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өз сөзінде Президент Қазақстанның дінді жамылған экстремизмнің кез келген түріне, сырттан саяси мақсатта келетін халқымызға жат діни көзқарастарға түбегейлі қарсы екендігін жеткізді.  "Ислам діні әу баста Жаратушыдан біздің ата-бабамызға қалай түссе, бүгінгі Қазақстанға дейін дәл солай жетуін тарихтың өзі қамтамасыз етті. Қасиетті қазақ жерінде әсіредіншілдер ешқашан болмаған. Қазақ халқының рухани болмысы әрдайым гуманизммен және ішкі тұтастығымен ерекшеленген. Ата-бабалардан мирас болған осынау ұлы қасиеттен айыруға бүгінгі діннің ешбір қақысы жоқ. Сондықтан мен қазақ зиялыларын, рухани жетекшілерін, әрбір қазақты ұлы ұстаздардың ұлағатын ұмытпауға шақырамын. Біз жас ұрпағымызды жат ықпалдан қорғауға, адасқандарды ақылға шақырып, оларды оқыс қадамдардан сақтандыруға тиіспіз. Бұл - жай сөз емес. Бүгінде болып жатқан жағдайларды бәріңіз жақсы білесіздер. Сондықтан бұған да мұқият қарауымыз қажет. Жастарды дұрыс жолға салуымыз міндет", - деп атап  көрсетті Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясының ашылу рәсімінде.   

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети