03 маусым 2020 09:21

Президент Қазақстанда Қырымдағы жағдай қайталануы мүмкін деген болжам туралы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правда" басылымына берген сұхбатында Қазақстанда Қырым мен Донбастағы жағдай қайталануы мүмкін деген мәліметті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правда" басылымына берген сұхбатында Қазақстанда Қырым мен Донбастағы жағдай қайталануы мүмкін деген мәліметті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресейлік журналистердің айтуынша, кейбір сарапшы Қазақстанда Қырым мен Донбастағы жағдай қайталануы мүмкін екенін болжаған екен. Алайда Президент оларды қаскөй екенін айтады.

"Сарапшы сымақтардың мұндай болжамдарына ешқандай негіз жоқ. Ол болжамдар Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандырып, көрші елдермен қарым-қатынасты бұзуға бағытталған. Мұндай болжамдарды тек біліксіз, қаскөй адамдар ғана айта алады", - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Тоқаев былтыр желтоқсанда да осы мәселеге қатысты пікір білдірген еді.

Тоқаев Украинаға қатысты мәлімдеме жасады

"Біріншіден, Қырымдағы болған жағдайды аннексия деп айтпаймыз. Болған іс болды, бояуы сіңді. Аннексия - Қырымға қолданатындай өте ауыр сөз. Екіншіден, сіз айтып отырғандай ешқандай қорқыныш жоқ, болған да емес, себебі екі ел арасында абсолют сенім орнаған. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Минск келіссөздері басталғанын еске сала кетейін. Ол сол кезде Астананы ұсынған, алайда логистика мен Еуропадан алыстығын ескере отырып, келіссөздер Минскіде өтетін болып шешім қабылданды", - деген еді Президент.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети