18 наурыз 2014 12:09

Президент тапсырмалары дұрыс орындалмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото inform.kz сайтынан Фото inform.kz сайтынан

Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңды жетілдірудің салдарынан Президент берген тапсырмаларды тағы бір жылға шегеруге тура келеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке сілтеме жасап. Оның айтуынша, елімізде әлі күнге дейін жастармен жүйелі түрде жұмыс жасалмайды. Соның салдарынан олар мемлекеттің бүгінгі саясаты туралы да білмей жатады. "Біздің әлеуметтік сауалнамамызға сәйкес, осы саладағы негізгі құжаттарды бірі - Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы туралы жастардың 70 пайызы мүлдем білмейді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бойынша жастарды жұмысқа орналастыру үшін 2,3 миллиард теңге бөлініп отырады. Алайда жастардың басым бөлігі ол туралы да естіген жоқ. Ал жобаға қатысқандардың тек 20 пайызы ғана жұмысқа орналасты", - деді Үкіметтің бүгінгі отырысында Б.Байбек. Партия төрағасының бірінші орынбасары атап көрсеткендей, депутаттардың сынына ұшыраған "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" заңды әлі де жетілдіру керек. Соның салдарынан Президент берген тапсырмаларды тағы бір жылға шегеруге тура келеді. "Жалпы, бүгінде 27 тапсырманың тек 8-і ғана орындалды. Құзіретті органдардың осы тапсырмаларды орындау деңгейі төмен болуы әбден мүмкін. Сондықтан бұл мәселені Үкіметтің арнайы отырысына шығару қажет", - деді Б.Байбек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети