20 қаңтар 2014 14:06

Президент үш ауысыммен оқытуды жоюды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz мұағатынан Фото Tengrinews.kz мұағатынан

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылға дейін мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шешуді тапсырды деп хабарлайды Tengrinews.kz. "2017 жылға дейінгі үш жыл ішінде білім алу орны тапшылығы мәселесін шешіп, елдегі барлық мектепті, түкпірлердегі әлі күнге дейін үш ауысыммен оқытатын мектептерді екі ауысымға көшіру керек. Егер қажет болса, үкімет пен әкімдерге бұл мәселені шешу үшін бюджет қаржысын бөлуді қарастыруды тапсырамын", - деді Назарбаев. Ол сондай-ақ интеллектуалдық мектептердегі сабақ берудің өзге мектептер үшін үлгі болуы керектігін атап өтті. "Мектеп түлектері, біз келіскендей, қазір жаппай енгізіліп жатқан қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуі тиіс. Бұл мәселеде маңызды звено - оқытушылар. Біздің педагогикалық институттарға ерекше назар аудару, олардың арасынан бірнешеуін таңдап, бүгінге, келешекке қажет маман даярлайтын үлгілі педагогикалық университеттер жасау керек", - деді Мемлекет басшысы. Президент алдағы 2-3 жылда дуалдық техникалық кәсіби білім берудің ұлттық жүйесінің ядросын қалыптастыру міндетін де жүктеді. "Келешекте жастардың орта техникалық білім алуын мемлекеттен кепілдендіруге көшуді қарастырамыз. Үкіметке осы жылдың 1 маусымына дейін бұл мәселе бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын", - деді ол. Сонымен бірге, Н.Назарбаевтың сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта жетекші университтердің автономияларға ауысуына жоспарлы түрде кірісу керек.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети