10 наурыз 2015 15:53

Президенттікке ниет білдірген әскери қызметші емтиханнан өте алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ержан Серғазин. Фото Tengrinews.kz Ержан Серғазин. Фото Tengrinews.kz

Президенттікке өзін-өзі ұсынған әскери қызметші мемлекеттік тіл емтиханынан өте алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президенттікке өзін-өзі ұсынған әскери қызметші мемлекеттік тіл емтиханынан өте алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лингвистика комиссиясының төрағасы Мырзатай Жолдасбековтің айтуынша, Ержан Серғазиннің жазбаша жұмысы "Конституция - дамудың кепілі" тақырыбына арналды. "Тақырып ашылмады, қате өте көп - 24", - деді Жолдасбеков. 

Комиссия көркем мәтінді оқу жөніндегі тапсырманың орындалуына да қанағаттанбады. "Лингвистика комиссиясы Серғазин мемлекеттік тілді жеткіліксіз меңгерген деген қорытындыға келді", - деді комиссия төрағасы.

Серғазин журналистерге сайлауалды науқан шеңберінде мұндай емтиханды өткізудің қажеттігіне күмән келтіретінін білдірді. "Мемлекеттік тіл бойынша мұндай емтихан келешекте бізге қажет пе?" - деді ол.

Айта кетейік, тағы бір ниет білдіруші Қайрат Майішев мемлекеттік тіл емтиханын тапсыруға келген жоқ. Сонымен, қазіргі уақытта сайлау додасына қатысуға ниет білдіргендердің екеуі ғана лингвистика комиссиясының тапсырмаларынан сүрінбей өтіп тұр - Лимана Қойшиева мен Тұрғын Сыздықов

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети