18 наурыз 2015 11:20

Президенттікке ниет білдірген тағы бір адам сайлау додасынан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жақсыбай Бәзілбаев. ©Тengrinews.kz Жақсыбай Бәзілбаев. ©Тengrinews.kz

Жемқорлыққа қарсы халықтық комитеттің төрағасы Жақсыбай Бәзілбаев сайлау додасынан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясынан. 


Жемқорлыққа қарсы халықтық комитеттің төрағасы Жақсыбай Бәзілбаев сайлау додасынан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясынан. 

63 жастағы өзін-өзі ұсынушы - алматылық Жақсыбай Бәзілбаев Орталық сайлау комиссиясына кезектен тыс президент сайлауына қатысу жөніндегі өзінің өтінішін 14 наурыз күні берген болатын. Базылбаев сайлауалды кампанияға осымен төртінші рет өтініш беріп тұрғанын айтты. Бүгін ол Орталық сайлау комиссиясына лингвистика комиссиясының емтиханын тапсыруға келді, бірақ емтиханға кірген бойда сайлауалды науқанға қатысу туралы өтінішін қайтып алатынын хабарлады. 

"Мен саяси мәлімдеме жасап, өзімнің кандидатурамды алып тастаймын", - деді ол. 

Жақсыбай Бәзілбаев журналистерге мұндай қадамға не себепті барғанын нақтыламады, бірақ өзінің іске аспай қалған сайлауалды бағдарламасы туралы айтты. "Егер мен президент болсам, 73 жасқа толған зейнеткерлерді коммуналдық төлемдерден түгел босатар едім", - деді ол.

Еске салайық, осы жылдың 15 наурызы күні Орталық сайлау комиссиясы сайлау додасына ниет білдіргендерден өтініш қабылдауды аяқтады. Барлығы 27 өтініш берілді. Қазіргі уақытта лингвистика комиссиясының емтиханынан өтіп, талаптарға сай екенін алты адам растап отыр. Олардың арасында қазіргі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, ҚКХП атынан үміткер Тұрғын Сыздықов, өзін-өзі ұсынушылар Лимана Қойшиева, Қанат Тұрагелдиев, Әбілғазы Құсайынов және Жарылқап Қалыбайлар бар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети