01 қазан 2021 13:01

Президенттің жұмыс кестесі маңызды іс-шараларға толы - Берік Уәли

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы айларда сыртқы саяси маңызды оқиғаларға қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы айларда сыртқы саяси маңызды оқиғаларға қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Берік Уәлидің айтуынша, алдағы айларда да Президенттің жұмыс кестесі өте тығыз болмақ.

"Жақын және алыс шетелдерге сапармен бару, бірнеше саммитке қатысу, сондай-ақ Қазақстанға келетін жоғары лауазымды шетелдік қонақтармен кездесу және басқа да маңызды сыртқы саяси іс-шаралар жоспарланған", - деп жазды Берік Уәли Facebook-парақшасында.

Сондай-ақ, кейінгі айларда Қазақстанның сыртқы саяси белсенділігі едәуір артқан. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты және көпжақты форматта өткен бірқатар ірі жиынға, соның ішінде Түрікменстандағы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативті кездесуіне, Тәжікстандағы ҰҚШҰ мен ШЫҰ саммиттеріне қатысты, Корея Республикасына мемлекеттік сапармен және Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барған.

Сонымен қатар, Тоқаве Душанбеде Иран президентімен және Пәкістанның премьер-министрімен жеке-жеке кездесулер өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ның бейресми саммитінде, Шығыс экономикалық форумында және Қазақстан мен Ресей арасындағы Өңіраралық ынтымақтастық форумында бейнебайланыс режимінде сөз сөйледі. 21-28 қыркүйек аралығында Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясы аясында өткен төрт бірдей іс-шараға – Жалпы саяси дебаттарға, БҰҰ-ның Азық-түлік жүйелері жөніндегі саммитіне, COVID-19 пандемиясы жөніндегі жаһандық саммитке және Ядролық қаруды толық жою жолындағы Халықаралық күрес күніне арналған жоғары деңгейдегі пленарлық отырыстарға қатысты.

"Екі айдың ішінде Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей, Франция, Беларусь, Өзбекстан, Сауд Арабиясы мемлекеттерінің президенттерімен және Еуропалық одақ басшысымен телефон арқылы сөйлесті. Сонымен қатар, Қазақстан астанасы аса жоғары деңгейдегі шетелдік делегацияларды көп қабылдай бастады. Ресей Премьер-министрі, Швейцария, Тәжікстан, Түркия, Әзербайжан парламенттерінің спикерлері, Солтүстік Македонияның Сыртқы істер министрі, Сауд Арабиясы Корольдігінің Инвестиция министрі, Башқұртстан Республикасының басшысы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен шетелдік ірі компаниялардың өкілдері Қазақстан Президентінің қабылдауында болды", - деді Берік Уәли.

Жалпы тамыз-қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік деңгейдегі 10 саммит пен форумға, оның үшеуіне офлайн, жетеуіне онлайн режимде қатысқан. 2 мемлекетке сапармен барып, 7 елдің басшыларымен телефон арқылы сөйлескен. Сонымен қатар 12 шетелдік делегацияны қабылдаған.

"Қазақстан барлық бағыт бойынша сыртқы саяси аренадағы ықпалдастығын нығайтып келеді деп айтуға болады. Халықаралық байланыстардың да географиясы кеңейе түсті. Қазіргі ахуал коронавирус пандемиясына дейінгі кезеңге қарағанда халықаралық ынтымақтастықтың маңызы бүгінде арта түскенін көрсетеді", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети