24 ақпан 2015 12:59

Президенттің кезектен тыс сайлауды тағайындауына еш кедергі жоқ - Конституциялық Кеңес

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

ҚР Конституциялық Кеңесі Парламент Сенаты Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясының Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау мәселелерін реттейтін 41-бабының 3-1-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтініші бойынша нормативтік қаулы қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Конституциялық Кеңесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Конституциялық Кеңесі Парламент Сенаты Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясының Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау мәселелерін реттейтін 41-бабының 3-1-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтініші бойынша нормативтік қаулы қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Конституциялық Кеңесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конституциялық Кеңес ҚР Конституциясының 41-бабы 3-1-тармағының нормасын Қазақстан Республикасы Президентінің Президенттің кезектен тыс сайлауын жеке-дара тағайындауға айрықша құқығы бар деп түсінген жөн деп ұғындырды. Елбасының Президенттің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы шешім қабылдауына республика Конституциясы қандай да бір шарттар мен шектеулер қарастырмайды.

"Мұндай сайлау тағайындау туралы шешім қабылдағанда Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-тармағында қарастырылған Қазақстан Президентінің сайлауы мерзімі жағынан республика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиіс деген ереже ескерілуі керек", - делінген Конституциялық Кеңестің хабарламасында. 

Еске салайық, 14 ақпан күні Қазақстан халқы ассамблеясының Кеңесі азаматтардың Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы өтініштерін бірауыздан қолдаған еді. Ассамблея Кеңесі мүшелерінің пікірінше, әлем экономикасындағы дағдарыстың өршіп тұрған жағдайында кезектен тыс президент сайлауын өткізу республикаға "Нұрлы жол" бағдарламасы мен ел дамуының ұзақмерзімді даму басымдықтарын іске асыруға мүмкіндік береді.

Кезектен тыс сайлау өткізу туралы бастаманы Қазақстан Парламенті - Мәжіліс және Сенат депутаттары қолдап, Мемлекет басшысына сайлау өткізуге рұқсат беру туралы өтініш жолдады. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңеске Конституцияның ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын белгілеу туралы 41-бабының 3-1-тармағын ресми түсіндіріп беру жөнінде өтініш білдірді.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети