25 ақпан 2014 11:13

Прокурорлар Қаратал тұрғынына терроризмге қаржы бөлмеуді ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Прокурорлар Таяу Шығыс елдеріндегі шиеленіс аймағында жүрген қазақстандықтың туысына оны қаржыландырмау жөнінде алдын ала сақтандыру берді деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Қаратал ауданы прокуратурасы туыстары мен серіктері тарапынан террористік немесе экстремистік қызметке қаржылай қолдау көрсету және терроризмге немесе экстремизмге басқа да дем берушілік жасау дерегін болдырмау үшін ҚР "Прокуратура туралы" заңының 25-1-бабы тәртібінде Қаратал ауданының А. деген тұрғынына жазбаша алдын ала сақтандыру берді", - делінген облыс прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарламасында. Прокурорлардың мәліметіне қарағанда, бұл азаматтың немере ағасы Таяу Шығыстың шиеленіс болып жатқан аймағында жүр. Оған өз туысын ғана емес, дәстүрлі емес, экстремистік бағыттағы діни ағымдардың басқа да өкілдеріне қаржылай көмектесуге ҚР Қылмыстық кодекстің 233-3-бабы, яғни "Террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыру және терроризмге немесе экстремизмге басқа да дем берушілік жасау" бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылатыны ескертілді. Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды және Атырау облысының қаржы полициясы терроризмді қаржыландырды деген күдікпен төрт азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Қарағандылық үш азамат шетелдегі лаңкестерге 2012-2013 жылдары 600 мың теңгеден астам қаражат аударса, Атырау тұрғыны халықаралық террорлық ұйым есепшотына 2 мың доллар салған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети