27 ақпан 2017 13:53

Путин Назарбаевқа алғыс айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Владимир Дмитриев © Владимир Дмитриев

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздерді ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты. Бұл туралы ол Алматыда Президент резиденциясында өтіп жатқан кездесу барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздерді ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты. Бұл туралы ол Алматыда Президент резиденциясында өтіп жатқан кездесу барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен біздің кездесуімізді Астанадағы Сирияға қатысты келіссөздерді ұйымдастырғаныңыз үшін алғыс айтумен бастағым келеді. Мен қазақстандық тараптың осы келіссөздерге жақсы әсер еткенін білемін. Сіздің жеке өзіңіздің осы іс-шараға қатысып, делегация қатысушыларымен жұмыс істегеніңізді де білемін. Осы іске қатысуыңыздың арқасында кездесулер сәтті өтті. Келіссөздер осыған дейін сәтті аяқталған емес. Сириядағы соғысты тоқтатуды бақылауға қатысты механизм құрылды. Бұл дегеніміз біз үшін ең бастысы, яғни, бұл Женевада келіссөздерді жалғастыруға мүмкіндік берді деген сөз", - деді Владимир Путин.

Қазақстан және Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуі Алматыда Президенттің резиденциясында өтіп жатыр. Келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ, өңірдегі және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып жатыр. Кремль сайтының мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуі барысында екі ел арасындағы сауда-экномикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы, энергетика және ғарыш, сонымен қатар, халықаралық күн тәртібіндегі негізгі тақырыптар талқыланады. Екі ел көшбасшылары еуразиялық бірлестіктің әрі қарай дамуына байланысты мәселелерді қозғайды.


© Владимир Дмитриев

Еске сала кетейік, кеше, 26 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Алматыда бейресми кездесу өткізген болатын. Мемлекеттер басшылары жексенбіні Алматы маңындағы тау-шаңғы саяжайында өткізген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети