08 мамыр 2014 15:35

Путин Назарбаевты Жеңіс күнімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Абхазия, Оңтүстік Осетия басшылары мен Грузия, Украина азаматтарын Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 69 жылдығымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Кремльдің сайтына сілтеме жасап.

Владимир Путин құттықтау жолдауында ұрпағы үшін туған жері мен бейбітшілікті қорғап қалған әкелеріміз бен аталарымыздың ерлігі ортақ тарихтың қаһармандық беті екенін және Ұлы Отан соғысы оқиғалары туралы тарихи шындықты сақтаудың, ардагерлерді қамқорлықпен аялаудың және жастарды рухани-адамгершілік құндылықтарды қорғауға тәрбиелеудің әр мемлекет басшысының міндеті екенін атап өткен.

Ресей басшысы Ұлы Жеңіс туралы ортақ естеліктің халықтар арасындағы достықты нығайтуға, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге негіз болатынына сенім білдірді.

Владимир Путин Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне зор ризашылық білдіріп, оларға мықты денсаулық пен амандық тіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети