27 сәуір 2015 13:16

Путин Назарбаевты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей федерациясының президенті Владимир Путин. ©РИА Новости Ресей федерациясының президенті Владимир Путин. ©РИА Новости

Ресей федерациясының президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кремль баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, Қазақстанда президенттік сайлау 26 сәуірде өткен болатын.


Ресей федерациясының президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кремль баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, Қазақстанда президенттік сайлау 26 сәуірде өткен болатын.

Құттықтау телеграммасында Ресей мемлекетінің басшысы сайлау қорытындысының Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан азаматтары арасында зор абыройын көрсететінін атап өтті. Сонымен қатар, көрші елдің президентінің айтуынша, Қазақстан халқы өз таңдауын жасау арқылы Мемлекет басшысының елдің әлеуметтік-экономикалық жылдам дамуына және еуразиялық интеграциялық процестерге белсене қатысуға әрі Ресеймен стратегиялық әріптестігі мен одақтастығының нығаюына қолдау білдірді. 

Ресей президенті диалогтың жалғасуына және екіжақты қарым-қатынас кешенінің әрмен қарай өсуі жөніндегі біріккен жұмысты жалғастыруға, сонымен қатар Қазақстан мен Ресейдің мүддесі үшін құрлықтағы бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті Еуразиялық экономикалық одақ пен өзге де халықаралық құрылымдардағы конструктивті қарым-қатынасқа дайын екенін атап өтті.

Еске салайық, Қазақстан президентінің сайлауы сайлаушылардың көптігімен ерекшеленді. Қазақстандықтардың 95 пайызынан астамы дауыс берді. ҚР ОСК мәліметінше, алдын ала қорытындыда Назарбаев 97,7 пайыз дауыс жинады. Әбілғазы Құсайынов 0,7 пайыз, ал Тұрғын Сыздықов 1,6 пайыз дауыс жинады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети