17 маусым 2014 12:25

Рахат Әлиев Австрияда өмірлік жазаға тартылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рахат Әлиев. ©Аirvansite.ru Рахат Әлиев. ©Аirvansite.ru

Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиев сол елде өмірлік жазаға тартылуы мүмкін, - деп хабарлайды Deutsche Welle басылымы.


Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиев сол елде өмірлік жазаға тартылуы мүмкін, - деп хабарлайды Deutsche Welle басылымы.

Австрияның заңдары бойынша айыптау үкімі шыққан жағдайда Әлиев 20 жылдан өмірлік жазаға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оның адвокаты Манфред Айнедтер сот процесінің бұдан әрі қалай өрбитініне қарамастан, өз қорғауындағы адамның Қазақстанға эктрадициялану мүмкіндігін жоққа шығарды. 

Австрияда "Нұрбанк" менеджерлері жесірлерінің мүддесін қорғап жатқан адвокат Геральд Ганцгердің айтуынша, кісі өлімі туралы істі алқабилер соты қарап жатыр, оның құрамына үш кәсіби судья мен сегіз алқаби кіреді. Заңгер процестің ашық болатынын айтты. Процестің қорытындысы бойынша үкімді тек алқабилер ғана шығара алады. "Алқабилердің көбі айыпталушыны кінәлі деп тануы керек. Егер дауыс тең болса, айыпталушыдан айып алынуы мүмкін", - дейді заңгер.

Бақылаушылардың айтуынша, Әлиев ісі бойынша алғашқы сот отырысы 2015 жылдың қаңтарынан кейін болуы мүмкін. Ганцгердің сөзіне қарағанда, әзірше айыптау қорытындысының қашан дайын болатыны, сот төрағасына іс материалдарымен танысу үшін қанша уақыт қажет болатыны белгісіз. "Бұл мыңдаған беттен тұрады", - дейді адвокат.

Австрия заңдары бойынша Рахат Әлиевтің қорғаушылары айыптау қорытындысына қарсы шағым түсіре алады. "Қорғаушы тарап айыптауға қарсы болуға құқылы, бұған бірнеше негіз бар, мысалы, жасалған әрекет қылмыстық жазалауға жатпайтын босла немесе сот құзырынан шығып кететін болса. Бірақ мұндай жағдайлар өте сирек", - деп түсіндірді ганцгер.

Айта кетейік, Рахат Әлиев Алматыдағы екі банкирдің өлімі туралы іс бойынша Австрия прокуратурасының тергеуінде отыр. Ол 5 маусым күні Венада ұсталған болатын. ҚР Бас прокуратурасының хабарлауынша, Әлиевті ұстауға Темірәлиев пен Хасеновтің ұрлануы және кісі қолынан өлуі бойынша тергеу материалдары негіз болған. Қазақстан Австрияға Әлиевтің саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевтың өлімін ұйымдастыруға қатысы бары туралы қылмыстық істі тергеу құжаттарын да жолдады. 

Вена прокуратурасының спикері Томас Вичай (Thomas Vecsui) адвокаттарынан сұрау түссе де, Әлиевтің кепілдікпен босатылмайтынын айтты. "Австрия қылмыстық іс жүргізу заңнамасында кісі өлтіру туралы істерде кепілдік енгізу қарастырылмаған", - дейді прокуратура өкілі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети