19 наурыз 2014 20:27

Рәшида Шәйкенова: мейрам күндері демалыс орындарына барған жөн

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Skycity.info ©Skycity.info

Қазақстандықтар Наурыз мерекесіндегі демалыс күндерін салауатты өмір салтына арнауы тиіс. Қазақстан туристік қауымдастығының директоры Рәшида Шәйкенова Tengrinews.kz тілшісіне 21-25-і күндері немен айналысуға болатыны жөнінде айтып берді. Шәйкенованың айтуынша, қазір республикада емдеу-сауықтыру демалысы көп сұранысқа ие болып келеді. Мейрам күндері Алматы мен Алматы облысы аумағындағы шипажайларға баруға болады. Атап айтқанда, Байсейіт елді мекенінде аюрведалық емдеу курорты үнді әдістемесі бойынша сауықтыру бағдарламаларын ұсынады. Мереке күндері Павлодар облысындағы балшықпен емдеу курортында, Қызылорда облысындағы шипажайларда, басқа да сауықтыру орындарында демалуға болады. Наурыз мерекесінде таза ауаға шыққысы келетіндерге Шәйкенова ұлттық саябақтар мен қорықтарға баруға кеңес береді. Алматы облысында "Алтын аймақ Жетісу" туры бар. Ол - Алтынемел, Шарын, Көлсай, Іле Алатауы сияқты табиғи орындарға саяхат. Бұл жерлерге туристік компаниялармен, сондай-ақ өз күштерімен де баруға болады. Оңтүстік Қазақстандағы Ақсу-Жабағылы қорығы - флора мен фаунаны сүйетіндер үшін таптырмас орын. Бурабайдағы курорт та мереке күндері туристер үшін ашық. Тараз, Ақтөбе, Түркістан қалалары туристерге тарихи орындарға сапар шегуді ұсынады. Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата кешені ешкімді де бейжай қалдырмайды. Ауқатты азаматтар мереке күндері шетелге сапар шеге алады. Түрлі туристік компаниялар Ташкенттің, Самарқанд пен Бұқардың тарихи ескерткіштеріне сапарлар ұйымдастырады. Белсенді демалысты ұнататындарды Қырғызстандағы "Қаракөл" тау шаңғысы курорты шақырады. Бірқатар елдермен арада тікелей рейстер мен визасыз тәртіп бар екенін ұмытпаған жөн, сондықтан бұл күндері Ыстамбұл, Гонконг, Тбилиси, Санкт-Петербург пен Мәскеуге де баруға болады. Бұған дейін Алматы тұрғындары арасында жүргізілген сауалнама көпшіліктің (39%) Наурыз мейрамын үйде, туысқандардың ортасында өткізуді қалайтынын көрсеткен еді. Сауалнамаға қатысқандардың 34%-ы демалыс күндерін таза ауада, табиғат аясында, саяжайларда өткізуді жоспарлап отырғанын айтты. Тұрғындардың 12%-ы бұл күндерді жаяу, велосипедпен немесе атпен серуендеуге арнағалы отыр. Респонденттердің 13%-ы Наурызда өзге қалалардағы туыстары мен достарына баруды жөн көрген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети