14 наурыз 2014 14:26

Рау "Арселордағы" еңбек дауының себептерін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау "АрселорМиттал Теміртау" компаниясындағы жұмысшылар ереуілінің себептері жайлы айтып берді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Арселорда", айтуға ұят, онда біліктілік дәрежелері арасындағы айырма көп емес, тиын-тебен. Әрине, мұндайда біліктілікті арттыру бойынша жұмыс істеуден гөрі шу шығару оңай. Бұл жерде, тура айтайын, біздің әкімшілікпен түсіністігіміз аса жақсы емес", - деді Альберт Рау Мәжілісте өткен "Еңбек қатынастарын реттеу мен ҚР кәсіподақтарын жаңарту" тақырыбындағы конференцияда сөйлеген сөзінде. Ол мәселе көп ақшаға тіреліп тұрмағанына қарамастан, кәсіпорын басшыларының жағдайды түзеуге құлықсыз екенін айтты. "Біз 2014-2016 жылғы кезеңге арналып қол қойылған құжат шеңберінде бұл жұмысты жалғастырамыз. Біз бұл мәселені: біліктілік разряды бойынша, мамандықтар бойынша және басқалар жөнінде ескерттік", - дейді вице-министр. Сонымен бірге, Рау кәсіпорын жұмысшыларына сыртқы нарықтарда біздің экспорттық топтарға қатысты жақсы жағдай қалыптаспай отырғанын түсіндіру керектігін де ескертті. "Адамдар түсінуі керек, оның үстіне, біз 90-жылдары бұдан да жаман жағдайды бастан өткердік", - дейді ол. Вице-министр компания жетекшілерінің кейде ашық түрде жөнсіз кететінін де айтты. Мысалы, Раудың айтуынша, олар "АрселорМиттал Теміртау" қызметкерлерінің балаларына жазғы лагерьлерге жолдама беруді тоқтатуды және 13-жалақыны қысқартуды ойластырған. "Былайынша көзі ашық, Еуропадан келген менеджерлер, бірақ бізге олармен үнемі жоғары тонмен сөйлесуге тура келеді. Маған кейде оларға кәсіпорында шиеленістің болғаны ұнайтындай көрінеді. Егер шиеленіс болмаса, ойлап табатын сияқты", - дейді Рау.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети