11 тамыз 2014 19:23

Ресей мен Батыс арасындағы санкциялар Үкіметтегі кеңеске арқау болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ortcom.kz ©ortcom.kz

Еуропа елдері мен АҚШ-тың Ресейге қатысты енгізген санкциялары мен Ресейдің қарымта санкциялары Қазақстан Үкіметіндегі кеңеске арқау болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрлер кабинетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Еуропа елдері мен АҚШ-тың Ресейге қатысты енгізген санкциялары мен Ресейдің қарымта санкциялары Қазақстан Үкіметіндегі кеңеске арқау болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрлер кабинетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі экономикалық ахуал мәселелеріне арналған селекторлық кеңес барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев әлемдік экономикалық өсімнің бәсеңдеуі байқалып отырғанын айтты.

"Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев қазіргі экономикалық ахуал мен Еуропа елдерінің және АҚШ-тың Ресейге қатысты санкцияларымен және Ресейдің қарымта санкцияларымен байланысты Қазақстанға келуі мүмкін қауіптер туралы баяндады", - делінген таратылған хабарламада. 

Бақытжан Сағынтаев елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында экономиканың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін шараларды қолға алу керектігін атап өтті. Кеңес барысында аймақтарды мұнай өнімдерімен, жанар-жағармаймен қамту және тұрақтандыру қорларын азық-түлік ресурстарымен толтыру мәселелері де қаралды.

Сағынтаев селекторлық кеңес қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктеріне тапсырмалар берді. Еске сала кетейік, Батыстың Ресейге қарсы енгізген санкцияларына жауап ретінде Мәскеу Еуроодақ, Австралия, Канада, Норвегия, АҚШ елдерінен келетін өнімдерге түгел тыйым салған болатын. Тыйым бір жыл бойы күшінде болады.

Қазақстан кәсіпкерлері ұлттық палатасының басшысы Абылай Мырзахметов Ресейге ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға тыйым салынған елдердің орнын Қазақстанның баса алатынын мәлімдеді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресей енгізген санкцияларға байланысты Қазақстанның көрші елге астық экспортын ұлғайтуды жоспарлап отырғанын хабарлады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети