08 сәуір 2022 13:32

Ресей мен Беларусьтің қанша азаматы Қазақстан банктерінде шот ашқан?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдері Ресей мен Беларусьтің қанша азаматы Қазақстан банктерінде шот ашқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдері Ресей мен Беларусьтің қанша азаматы Қазақстан банктерінде шот ашқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство әлеуметтік желілердегі Ресей мен Беларусь азаматтарының қазақстандық банктерде жаппай шот ашып жатқаны туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді.

"2022 жылғы 24 ақпаннан бері Қазақстан банктерінде Ресей мен Беларусь резидент-жеке тұлғалары үшін 11 940 шот ашылған. Оның ішінде 10 725 шотты өтініш берушінің немесе сенім білдірілген адамның Қазақстан банкінде жеке болуы арқылы, 1 215 шот қашықтан ашылған. Нәтижесінде, осы мемлекеттердің Қазақстан Республикасы банктерінде шоттары бар азаматтарының жалпы саны 162 мыңға жетті", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Ресей Федерациясының резидент-заңды тұлғаларының жаңа шоттарының саны жыл басынан бері аздап өскен. Биыл ақпанның аяғынан бері банк шоттары Ресейдің 7 компаниясына ашылған, Қазақстан банктерінде шоттары бар Ресей ұйымдарының жалпы саны 805-ке жеткен.

Банк шотын ашқанға дейін жүгіну тәсіліне қарамастан, банктер шетелдік өтініш берушіге КЖТҚҚ туралы заңда белгіленген KYC (Know Your Customer) стандарттары бойынша тиісінше тексеру жүргізуге міндетті, делінген хабарламада.

Тиісті тексеру шеңберінде банктер:

  • шетелдік жеке тұлғаны, заңды тұлғаны және оның бенефициарлық меншік иелерін идентификаттауды, оның ішінде алынған идентификаттау деректерінің дұрыстығын тексеруді;
  • іскерлік қатынастардың болжамды мақсаты мен сипатын белгілеуді жүргізеді.

Бұдан басқа, агенттіктің 2020 жылғы 22 наурыздағы № 18 қағидаларында белгіленген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қойылатын талаптарға сәйкес комплаенс тәуекелді басқару мақсатында банктер шетелдік, оның ішінде трансшекаралық сипаттағы клиенттердің операцияларына күшейтілген мониторинг жүргізуге міндетті.

"Күшейтілген мониторинг шеңберінде күдікті мәмілелерді анықтау және тәуекелі жоғары транзакцияларға жол бермеу үшін банктер клиенттің ақшасының шығу көздерін және оның контрагентінің заңды мәртебесін, жүргізілетін операцияның шарттары мен экономикалық мәнін қосымша талдайды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети