18 сәуір 2014 16:26

Ресей негізгі әріптесіміз болып қала бермек - Президент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото txt.newsru.com сайтынан Фото txt.newsru.com сайтынан

Халықаралық саясатта болып жатқан өзекті шиеленіске қарамастан, Ресей Қазақстанның стратегиялық әріптесі болып қала береді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Халықаралық саясатта болып жатқан өзекті шиеленіске қарамастан, Ресей Қазақстанның стратегиялық әріптесі болып қала береді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бүгінде біз халықаралық саясатта өзекті шиеліністің (Украина мәселесі - авт.) туындап отырғанын жақсы білеміз. Осындай жағдайға қарамастан, Қазақстан мен Ресейдің тату көрші, одақтас әрі стратегиялық әріптес екендігін мәлімдеймін. Осы салада бізде тиісті келісімшарттар бар. Өткен жылы XXI ғасырдағы тату көршілік туралы, сондай-ақ екі елдің әскери-техникалық саладағы ынтымақтастығына арналған бірқатар құжаттарды рәсімдедік. Алдағы уақытта Қазақстан мен Ресей аталған құжаттар бойынша тиісті шарларды қолға алатын болады. Ресеймен арадағы байланыс - сыртқы саясатымыздың маңызды бағыты болды, бар, болады да. Бүгінде Ресей де, Қытай да - біздің көршілеріміз. Ал көршілерді таңдамайды  Сондықтан біз өз көршілерімізбен тату қарым-қатынасты сақтайтын боламыз", - деп атап көрсетті Н.Назарбаев бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында. 

Өз сөзінде Президент бүгінгі G-8 және G-20 сияқты халықаралық одақтардың жаһандық дағдарысты шеше алмай жатқанына тоқталды. "Бұл топтардың бірде-бірі әлемдік дағдарысты, сондай-ақ саяси шиеленістерді шешу бойынша нақты ұсыныс бере алмады. Демек, бұл жұмысқа мемлекеттердің көптеп қатысқаны дұрыс. Сол кезде пікірі де көп болады, мәселені де бірлесіп шешуге мүмкіндік бар. Сондықтан біз G-Global жобасын ұсындық. Бүгінде аталған интерактивті пікірталас алаңына әлемнің 160-ге жуық мемлекеті қатысуда. Меніңше, бүгінгі халықаралық құқық саласында, сыртқы саясатты жүргізудің күнделікті тәжірибесі түбегейлі өзгерген жағдайда жаһандық қауіп-қатерлерді шешуге болады. Қазір барлығы халықаралық құқық туралы айтады. Алайда күштінің құқығы басым болып тұр бүгін. Соның салдарынан халықаралық құқықтың өзі бұзылып тұрады", - деді Н.Назарбаев. Осы орайда Мемлекет басшысы Қазақстанның барлық халықаралық байланыстарын қолданып, G-Global жобасын барынша дамытуға шақырды.     

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети