06 наурыз 2015 13:34

Ресей прокуратурасы Франция Әблязовті экстрадициялайды деп үміттенеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхтар Әблязов. ©РИА Новости Мұхтар Әблязов. ©РИА Новости

Ресейдің Бас прокуратурасы Францияда бой тасалап келген Мәскеу облысының бұрынғы қаржы министрі Алексей Кузнецов пен БТА банкінің бұрынғы қожайыны Мұхтар Әблязов түбінде Мәскеуге беріледі және сот алдында жауап береді деп үміттенеді, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". 


Ресейдің Бас прокуратурасы Францияда бой тасалап келген Мәскеу облысының бұрынғы қаржы министрі Алексей Кузнецов пен БТА банкінің бұрынғы қожайыны Мұхтар Әблязов түбінде Мәскеуге беріледі және сот алдында жауап береді деп үміттенеді, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". 

Өткен сәрсенбі күні, 4 наурызда Францияның кассациялық соты аса ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыпталған екі адамды Ресейге экстрадициялау туралы шешім қабылдады. "Интерфакс" агенттігіне берген сұхбатында РФ Бас прокурорының орынбасары Александр Звягинцев мұның оңай мәселе емес екенін айтты. 

"Ресейдің Бас прокуратурасы Әблязов пен Кузнецовты алуға 2013 жылдың ортасынан бері талпынып келеді. Процесс күрделі болды. Біздің қызметкерлер Францияға бірнеше рет барып, сот отырыстарына қатысты. Француз судьяларының саяси себептерге қатысты дәйектерді жоққа шығарғанын айта кету керек", - деді Звягинцев. 

Оның пікірінше, қылмыстық істің екі фигуранты да Францияда әлі біршама уақытқа қалуы мүмкін. "Оның себебі, экстрадиция туралы декретке Франция премьер-министрі қол қоюы керек, оның шешіміне елдің Мемлекеттік кеңесі шағым келтіруі мүмкін", - деді РФ Бас прокурорының орынбасары. 

"Мұндай шешімдерден қаншалықты жиі бас тартылады?" деген сауалға ол: "Бірен-саран жағдайларда ғана. Азғана уақыт күте тұрамыз. Әркімге тиісінше шара қолданылады деп үміттенеміз", - деп жауап берді. 

РФ қадағалау ведомствосының халықаралық-құқықтық қызметке жауапты тұлғасы шетелдік әріптестермен ынтымақтастық жөнінде бұл салада белсенділік сезіле қоймайтынын айтты. "Ешқалай, керісінше. Дегенмен кейбір бағыттар бойынша, қазіргі шындықтарды ескере отырып, жұмысты қайта құруға тура келді. Оның пайдасы болды. Халықаралық шаралардың жоспар-кестесі тығыздала түсті", - деді Звягинцев. 

Ресейдің Бас прокуратурасы Интерполдың ұлттық орталық бюросына қылмыскерлерді іздестіру жөнінде тапсырмаларды 28 пайызға көп берген. "Қылмыскерлерді беру және құқықтық өмек жөнінде салынған сұраулардың саны артып келеді. Егер бұрын Бас прокуратра жыл сайын 10 мыңға жуық халықаралық-құқықтық қатынасхатты қараса, өткен жылы олардың саны төрттен бірге өсіп, 12,5 мыңға жетті. Мұндай өтініштердің 1800-ге жуығы нақты құқықбұзушыларды экстрадициялау мәселесіне қатысты болды", - деді Звягинцев. 

Оның мәліметінше, Ресейдің Бас прокуратурасы өткен жылы барлығы 320-дан астам түрлі халықаралық шара өткізген. "Түрлі тақырыптар талқыланды: нақты қылмыстық істер бойынша халықаралық тергеу тапсырмаларын орындау, құқықбұзушыларды экстрадициялау, Ресейден жымқырылған активтерді қайтару және сыбайлас жемқорлықпен, экстремизммен, терроризммен және басқалармен күрес мәселелері", - деді Бас прокурордың орынбасары. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети