17 маусым 2014 18:19

Ресей Сочиден Алматы мен Астанаға тікелей рейс ашқысы келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Әсет Мұсағалиев Краснодар өлкесі курорттар және туризм министрі Евгений Кудельмен кездесті. ©Туризм индустриясы комитеті Қазақстанның Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Әсет Мұсағалиев Краснодар өлкесі курорттар және туризм министрі Евгений Кудельмен кездесті. ©Туризм индустриясы комитеті

Ресей Алматы мен Астанадан Сочиге тікелей әуе қатынасын ашуға мүдделілік танытты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.


Ресей Алматы мен Астанадан Сочиге тікелей әуе қатынасын ашуға мүдделілік танытты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

16-17 маусымда Сочиде "Туризмнің тұрақты дамуындағы мега-оқиғалардың ролі" тақырыбында шетел мемлекеттері туризм министрлерінің саммиті өтті. Кездесуге 26 елден 150-ден астам өкіл қатысты. Осы шараның аясында Қазақстанның Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Әсет Мұсағалиев Краснодар өлкесі курорттар және туризм министрі Евгений Кудельмен кездесті. Ресей тарапы Сочи - Алматы және Сочи - Астана бағытында тікелей әуе рейстерін ашуға қызығушылық танытты. 

Тараптар туризм саласындағы өзаратиімді ынтымақтастық мәселелерін де талқылады. Олар Ресей аумағында, атап айтқанда, Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосібір және Сочи қалаларында Қазақстанның туристік-ақпараттық орталықтарын ашу мүмкіндігін қарастырды.

Сонымен бірге, бірлескен көрмелер, семинарлар мен ақпараттық турлар өткізу туралы да келісімдер жасалды. "Бұл шаралар курорттарда, балалар демалыстары мен жағажай орындарында сауықтыру мүмкіндіктерін көрсетуге, белсенді әрі оқиғаларға орай болатын демалыстарды таныстыруға, гастрономиялық және аграрлық туризмді насихаттауға жол ашады", - делінген комитеттің баспасөз парағында. Келіссөзге қатысушылар өзараынтымақтастық туризм саласында ұсынылатын қызметтер сапасын жақсартуға, әуе тасымалы саласында жолаушылар ағынын арттыруға септігін тигізетінін атап өтті.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети