23 қаңтар 2023 | 13:53

Республикалық тасжолдардың бірнеше учаскесінде қозғалыс шектелген

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры

Республикалық тасжолдардың алты учаскесінде қозғалыс шектелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазавтожол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Республикалық тасжолдардың алты учаскесінде қозғалыс шектелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазавтожол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның Абай, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстары бойынша облыстық филиалдарының күштері күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Ауа райының жақсаруын күтіп, ұзақ жолға шықпаған дұрыс. Ауа райының қолайсыздығы туралы хабарларды назардан тыс қалдырмауыңызды өтінеміз. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 1403 қысқа нөміріне хабарласу қажет", - деді компания өкілдері.

Абай облысында тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін Омбы - Майқапшағай автожолдарында Қалбатау ауылынан Көкпекті ауылына және Алматы - Өскемен тасжолында Аягөзден Қалбатау ауылына дейін қозғалыс шектелгені хабарланды.

Автокөліктің барлық түрлері үшін: Өскемен – Семей 10-198 шақырымы, Герасимовка ауылы – Семей учаскесі, сондай-ақ Омбы – Майқапшағай – 756-906-шақырым, Семей – Қалбатау ауылы учаскелері бойынша қозғалыс шектелген.

Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін қозғалыс шектеулі: республикалық маңызы бар Алматы - Өскемен, Қалбатау ауылы учаскесі - Қасым Қайсенов ауылы.

Жетісу обылысында Үшарал-Достық тасжолының 84-184 шақырымы мен Көктұма станциясынан Достық станциясына дейінгі учаскеде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелген.

qaj.kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети