26 ақпан 2014 15:35

Рейске отырғызылмаған отбасы "Эйр Астанаға" наразы

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Ақтауда үш баласы бар отбасылық жұп "Эйр Астана" ұшағына отырғызылмады, оған отағасының "деструктивті" тәртібі себеп болды деп жазады Lada.kz. 22 ақпан күні Алмат және Алиса Мұхамединдер Ақтаудан Алматыға үйлеріне ұшып келмек болған, бірақ стюардесса отағасын бортқа кіргізбеді. Борт қызметкерінің айтуынша, ол мас болған. "Ұшардың алдында біз достарымызбен қоштасқанбыз, сонда күйеуім жол болсын деп ішкен еді. Ол мас болмады, теңселмеді, өзін дұрыс ұстады", - дейді Алиса Мұхамедин. Ер адамды тексеріп, оның жағдайы өзге жолаушыларға қауіп төндірмейді деген қорытынды шығарған құқық қорғау органының өкілі де "Эйр Астана" қызметкерін райынан қайтара алмаған. "Стюардесса оны тыңдамады. Ол біз сөйлескіміз келген кеме капитанын да шақырмады. Өзге жолаушылардың жанжалды тоқтатып, отбасыны бортқа кіргізуді сұраған өтінішін де елемеді. Күзет қызметін шақырды да, олар келіп, күйеуімді қылмыскер сияқты алып кетті. Осының бәрі балаларымыздың көз алдында болды, олар қорыққанынан үш жақтан жылады", - дейді Мұхамедин. Ерлі-зайыпты "Эйр Астана" бортсерігін жазалауға ниет білдіріп отыр. Олардың пікірінше, бұларды рейстен түсіруге объектив себеп болған жоқ. Алмат Мұхамедин ұшаққа отыра алмағаннан кейін медициналық куәландырудан өткен, сараптама оның жеңіл деңгейде мас болғанын көрсетті - ағзадан 0,5 промилле, яғни сыраның екі бөтелкесіне тең алкоголь анықталды. "Эйр Астананың" бас кеңсесінің өкілдері алкогольден мас болғанымен қоса ер адамның тәртібі деструктивті әрі агрессия деп сипатталғанын айтып отыр. "Алкоголь қолданған жолаушылар бортқа кіргізіледі, бірақ олардың әрекеті ұшу қауіпсіздігіне кедергі келтіретін немесе олар аяғынан тұра алмайтын болса, онда отырғызуға тыйым салынуы мүмкін", - дейді компания мамандары.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети