22 ақпан 2016 11:11

Ригада отандастарын кепілге алғаны үшін қамауға алынған қазақстандықтардың ісі сотқа жолданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© atvmedia.ru © atvmedia.ru

Ригада отандастарын кепілге алғаны үшін қамауға алынған төрт қазақстандықтың қылмыстық ісі сотқа жолданды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Латвия Республикасы прокуратурасының баспасөз хатшысы Кристина Сутугина хабарлады.


Ригада отандастарын кепілге алғаны үшін қамауға алынған төрт қазақстандықтың қылмыстық ісі сотқа жолданды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Латвия Республикасы прокуратурасының баспасөз хатшысы Кристина Сутугина хабарлады.

"2016 жылдың 28 қаңтарында ұйымдасқан қылмыспен және өзге салалардағы қылмыспен күрес жөніндегі мамандандырылған прокуратурасының прокуроры Латвия Республикасының қылмыстық заңының "Бөтен адамның бостандығынан заңсыз шектеу" және "Ұйымдасқан қылмыстық топта бопсалау" баптары бойынша айып тақты. Қылмыстық іс Рига түбіндегі Земгал сотына жолданды", - деп хабарлады Сутугина.

Еске салайық, 2015 жылдың сәуір айында БАҚ-тарда Қазақстанның төрт азаматы Әбен Тұрбеков, Нағи Салиев, Оралбек Белгенов және Ілияс Жынақты Ригада отандастарын кепілге алды делінген ақпарат тарады. Кепілге алынғандардың арасында Ержан Желдібаев, оның әйелі мен екі баласы - сегіз жастағы және алты жасар қыздар. Күдіктілер оларды босату үшін Алматыда 400 мың долларға бағаланған үйді басқа біреудің атына жазып беруді талап еткен. Рига полициясы оқиға орнын анықтап, арнайы операция жүргізді. 

Кейін зардап шеккен Желдібаевтің өзі де аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп және құжаттарды қолдан жасады деп халықаралық іздеуде жүргені анықталды. Оны Рига полициясы ұстады. Маусым айында қазақстандықтар Әбен Тұрбеков пен Нағи Салиевтің Қазақстанда бопсалау ісіне қатысы бар екендігі хабарланды. Кейін Латвия Республикасының прокуратурасы төрт қазақстандыққа айып тақты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети