23 қаңтар 2014 12:10

Рысқалиев құрған қылмыстық топқа қатысты сот отырысы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бергей Рысқалиев ©Tengrinews.kz Бергей Рысқалиев ©Tengrinews.kz

Атырауда Бергей Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты іс бойынша сот отырысы басталды деп хабарлайды сот залынан Tengrinews.kz тілшісі Сотта айыпталушы ретінде 22 адам жауап береді, олардың арасында Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасарлары Болат Дәукенов пен Асқар Әбдіров, бұрынғы әкім Асқар Керімов және басқалар бар. Процеске Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Гүлмира Дәулетова төрағалық етіп жатыр. Сот отырысына дейін қауіпсіздік шаралары күшейтілді: бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен өзге қатысушыларды құқық қорғау органы мамандары тексерді. Залға күзет қойылды. Процеске журналистер көп келді. Алдын ала 20-ға жуық ақпарат құралының өкілі тіркелгенімен, облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиевтің айтуынша, келген журналистердің ұзын саны 30-ға жетіп қалады. Бұған дейін алдын ала тыңдау кезінде сот өндірісті тоқтатуға себеп болатын жайттардың жоқ екенін айтқан болатын. Істі қарау кезінде талқылауға ұзақ уақыт қажет екенін ескерген судья процеске осы соттан тағы бір қосалқы судья тағайындауды ұйғарды. Қылмыстық іс мемлекеттік айыптаушы, жәбірленуші және адвокаттар тарапының қатысуымен ашық сот отырысында қаралып жатыр. Қосалқы судья ретінде Жұмағали Тәшімов тағайындалды. Рысқалиевтің қылмыстық тобының мүддесін 20 адвокат қорғайды, олардың жартысынан астамы мен айыпталушылардың өздері бұған дейін облыстың барлық судьясына сенбейтінін айтып, наразылық келтірген болатын. Ұйымдасқан қылмыстық топ жемқорлық пен экономикалық қылмыстарды жасағаны үшін айыпталып отыр. Бұл қылмыстардың кесірінен мемлекетке 71 млрд теңгеден астам шығын келген. Қаржы полициясының арқасында залалдың 23,6 млрдын қайтару мүмкін болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети