24 сәуір 2017 17:39

Сәбиін әжетханаға тастап кеткен әйел ата-ана құқығын қайтарып алғысы келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында әжетханаға тасталған сәби Алматы облысында әжетханаға тасталған сәби

Сәбиін әжетханаға тастап кеткен Алтынай Ақжолтаева ата-ана құқығын қайтарып алғысы келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сәбиін әжетханаға тастап кеткен Алтынай Ақжолтаева ата-ана құқығын қайтарып алғысы келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алтынай Ақжолтаева Алматы облысы Іле аудандық Азаматтық хал актілерін тіркеуге әжетханаға тастап кеткен қызы Қарлығаш Шакированың есімін Ерік Еркежан деп өзгерту туралы өтініш білдірген. Алайда тіркеу бөліміндегілер баланың құжатта тастанды бала деп көрсетілгенін айтып, оған сот арқылы ата-ана құқығын қайтаруға кеңес беріп, оның бұл өтінішін орындаудан бас тартқан.

Іле аудандық соты Алтынай Ақжолтаеваның өтінішін қарап шығып, 2016 жылдың 4 шілдесінде дүниеге келген Қарлығаш Шакированың анасы расында да Алтынай Ақжолтаева екенін растады.

"Алматы облысының Іле аудандық соты Ақжолтаева Алтынай Ерікқызының сәбиінің дүниеге келгенін заңды түрде тіркеу туралы өтінішін қанағаттандырды. Қарлығаш Шакированың 2016 жылдың 4 шілдесінде дүниеге келгенін және анасы Ақжолтаева Алтынай Ерікқызының 1992 жылдың 7 мамырында дүниеге келгені туралы деректі растады", - делінген соттың хабарламасында.

Шелек ауылындағы облыстық мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері Зәуре Отарбаеваның айтуынша, қызға жақында 10 ай болады және ол өз жасына сәйкес дамып жатыр.

"Шамамен 1,5 ай бұрын қыздың анасы келіп кетті. Ал екі апта бұрын Қарлығаштың әжесі мен атасы келді. Әжесі анасы ата-ана құқығын қайтарып алған соң бізге келіп, қызды асырап алуға құжаттарды жинай бастайтындарын айтты. Бірақ әзірше бізге келген жоқ", - деді балалар үйінің бас дәрігері.

Сондай-ақ, Зәуре Отарбаева сәбидің анасының істеген ісіне өкінетінін айтып өтті.

Еске сала кетейік, жұрттың жағасын ұстатқан жайт Алматы облысындағы Ақши ауылында шілде айында болды. Жүктілігін жасырған бойжеткен нағашы әжесінің үйіне қонаққа келіп, толғағы қысқан соң ауладағы әжетханада босанған. Бірақ шақалақты бауырына баспай, шұңқырға тастаған. Құдай сақтап, Қарлығаш деген есім берілген нәресте аман қалды. Қазір ол қазір балалар үйінде. Ал тергеу кезінде 4 жарым ай темір торда отырған Ақжолтаева өз кінәсін мойындап, өкінгенімен, жазадан құтыла алмады. "Кешіріңіздер. Бұлай боларын білмедім. Әжетханаға тастағым келмеді. Қызымды өзім тәрбиелегім келеді", - деген еді Алтынай Ақжолтаева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети