20 маусым 2017 10:48

Сағадиев ҰБТ жайлы: Біздің балалар дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Сағадиев. © Тұрар Қазанғапов Ерлан Сағадиев. © Тұрар Қазанғапов

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектеп түлектерінің Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектеп түлектерінің Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жалпы, түлектер жақсы тапсырып жатыр. Біздің балалар дайын. Мысалы, сынақ тестілеудің қорытындысы бойынша тапсырушылардың 4 пайызы ғана негізгі деңгейден өте алмады. Барлығы дұрыс болады деп ойлаймын. Барынша көп бала жоғары білім алсын деп тырысып жатырмыз. Болжам жасамаймыз. Дегенмен де, барлығы оқуға түседі деп ойлаймын. Мәселе енді тек гранттар жайлы болып тұр. Біз барлық мүмкіндікті ашып жатырмыз", - деді Сағадиев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің пунктінде.

Министрдің айтуынша, түлектер осыған дейін аттестациялаудан сәтті өтті, барлық мектеп түлектері сәтті тапсырды.

Сондай-ақ, осыған дейін ҰБТ-ның жаңа форматы енгізілгеннен кейін "Алтын белгі" алғандардың саны екі есе артқаны хабарланған болатын. "Бұл бірінші кезекте оқушылар үшін психологиялық жағдай жеңілдегендіктен болған шығар. Олар емтихандарды өз мектебінде тапсыра алды. Екіншіден, емтихан форматы ауысты, әр пән әр күні тапсырылды. Мұғалімдер қосымша сұрақ қойып, жақсы баға алуға мүмкіндік берді", - деген еді Зейнеп Мақсұтова "Қазмедиа орталығында" өткен брифинг барысында.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда мектеп түлектеріне жаңа форматтағы ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. ҰБТ 20 маусым - 1 шілде аралығында өткізіледі. Биылғы тестілеу алғаш рет жаңа форматта өтеді. Мектеп түлектері тесттерді 165 ҰБТ өткізу пунктінде тапсырады. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, биыл ҰБТ-ға қатысуға 92 827 түлек ниет білдіріп, арыз жазған. Олар биылғы мектеп бітірушілердің жалпы санының (131 377) 71 пайызын құрап отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети