10 қазан 2017 10:23

Сағынтаев Атамбаевтың пікірі жайлы: Біз өзге халықтарға күлкі болмауымыз керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақытжан Сағынтаев. © Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі Бақытжан Сағынтаев. © Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі

Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың сөзіне қатысты тағы да пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың сөзіне қатысты тағы да пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сайлау алдындағы науқан аяқталады. Біз өзге халықтарға күлкі болмай, бауырлас халықтардың достығын сақтап қалуымыз керек", - деді Сағынтаев үкімет отырысында.

Осыған дейін премьер-министрдің сайтында Бақытжан Сағынтаевтың Атамбаевтың пікіріне қатысты арнайы мәлімдемесі жарияланған болатын. 

"Қырғыз Республикасымен екіжақты қарым-қатынасты дамытудың бұлжымас бағытын растай отырып, Қырғызстан Президентінің сайлауалды мақсатта жасалған жауапсыз, арандатушылық мәнді және көпе-көрінеу жалған пайымы біздің елдеріміздің арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан өзара көмек пен достықтың дәнекеріне нұқсан келтірмеуі тиіс", - делінген еді Сағынтаевтың мәлімдемесінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети