20 қыркүйек 2016 12:14

Сағынтаев бағаның ең көп өсуіне жол берілген өңірлердің әкімдерінен бақылауды күшейтуді талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© medikforum.ru © medikforum.ru

Премьер-министр Үкімет отырысы барысында әкімдерден әлеуметтік маңызы бар тауарларға және дәрі-дәрмектерге бағаның өсуіне жол бермеу бойынша бақылауды күшейтуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министр Үкімет отырысы барысында әкімдерден әлеуметтік маңызы бар тауарларға және дәрі-дәрмектерге бағаның өсуіне жол бермеу бойынша бақылауды күшейтуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бірінші кезектегі қажетті өнімдердің және дәрі-дәрмектердің бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мәселесі айрықша бақылауда болуы тиіс және бағалардың ауытқуы болған жағдайда дер кезінде әрекет ету керек", - деп мәлімдеді ҚР премьер-министрі.

Сағынтаев сондай-ақ бағаға әсер етудің заңды тетіктері мен құралдары қазіргі таңда бар болғанмен, олар ылғи да жұмыс істемейтінін баса айтты.  

"Нәтижесінде қандай да бір өңірде азық-түліктің жекелеген түрлеріне үнемі бағаның күрт өсуі орын алады. Бұл жер-жерлердегі әкімдердің бақылауының әлсіздігін және бар тетіктерді толық пайдаланьайтындығын көрсетеді", - деп баса айтты Сағынтаев.

Еске салайық, осыған дейін ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев үкімет отырысы барысында дағдарысқа қарсы жоспардың аясында әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын көтеруге жол бермеуді тапсырғанын мәлімдеген еді. ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаның өсуіне жол бермеу мәселелері бойынша өткен Үкімет отырысы кезінде СҚО әкімін рейтинг қумай, жүйелі жұмыс істеп, бағаның өсуіне жол бермеуге шақырды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети