Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге қол қойды. Жаңа құжат нені өзгертеді Tengrinews.kz материалынан оқыңыз.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге қол қойды. Жаңа құжат нені өзгертеді Tengrinews.kz материалынан оқыңыз.
Бұл жеке тұлғалардың банкроттығына да қатысты. Жеке тұлға банкрот болған жағдайда, бұрынғы ережелер бойынша оған есептен шығарылған қарыз сомалары кіріс ретінде есепке алынуы керек еді. Жаңа түзетулер бойынша, бұлай болмайды. Борышкер-жеке тұлғаның сотқа жүгінген кездегі мемлекеттік баж ставкалары 2023 жылы 0,3 АЕК – 1035 теңге мөлшерінде белгіленді. Азаматтарға борышкерді банкрот деп тану туралы шешім қабылданған салық кезеңінде қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша айналымды түзету құқығы беріледі. Сонымен қатар, жаңа ережелер борышкер-жеке тұлға банкрот деп танылған жағдайда талапты күмәнді деп тану мүмкіндігін қарастырады. Жеке тұлғаның төлем қабілетін, соттан тыс немесе сот банкроттығын қалпына келтіру рәсімдерін қолдану және оны соттың теріс шешімі бойынша қайта бастау туралы сотқа жүгінген кезде берешек бойынша сыйақыны есептеу тоқтатыла тұрады.
Халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіруге байланысты нормалар мынаны көздейді:
- кәмелетке толмағандарға берілетін төлқұжаттар үшін мемлекеттік бажды 8 АЕК-тен (27 600 теңге) 4 АЕК-ке (13 800 теңге) төмендету;
- паспортты бергені үшін оның парақтарының санына қарай мемлекеттік баждың сараланған ставкаларын енгізу;
- жоғалған құжатты қалпына келтіруге жүгінген кезде жеке куәліктерді бергені үшін мемлекеттік баж сомасын құжат бастапқы жоғалған күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде екі және одан да көп есеге арттыру.
Сонымен қатар, түзетулер резиденттер мен бейрезиденттердің проблемалық активтерін уәкілетті сатып алушыларға салық салудың тең шарттарын жасауды көздейді.
- бейрезидент сатып алушыларға резидент сатып алушылар үшін көзделген жеңілдікті салық салу тәртібін тарату;
- жеке тұлғалардың БЖЗҚ-ға жіберілген зейнетақы жинақтарының сомасын салық салудан босату;
- мүліктік сипаттағы талаптар бойынша мемлекеттік баждың ең жоғары мөлшерін енгізу: жеке тұлғалар үшін – 10 мың АЕК; заңды тұлғалар үшін – 20 мың АЕК, сондай-ақ талап қою сомасының бар пайызының орнына мүліктік даулар бойынша мемлекеттік баждың негізделген мөлшерін белгілеу.
- бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін жалақыдан бірыңғай төлем.
Салық кодексіне қабылданған түзетулер бөлшек сауда салығын қайтаруды көздейді. Бұған дейін бөлшек сауда салығы бизнес үшін дағдарысқа қарсы шара ретінде 2021 жылдың 1 қаңтарынан 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін күшінде болатын. Кәсіпкерлер жеке немесе табыс салығының үш пайызын төледі. Алайда, 2023 жылдың басынан бастап бөлшек сауда салығы қоғамдық тамақтандыру саласына ғана қатысты.
Түзетулердің жаңа пакетінде бөлшек сауда салығы шектеусіз жұмыс істейді, қызмет түрлерінің кеңейтілген тізбесіне әсер етеді, тек қоғамдық тамақтандыру саласына ғана емес, салық ставкасының өзі 6-дан 4 пайызға дейін төмендейді. Сондай-ақ, жергілікті мәслихаттар өз шешімімен бөлшек салық ставкасын 50 пайызға, яғни 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендете алады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!