18 маусым 2014 18:29

Салық төлемеген 1000-нан астам алматылық демалысқа ұша алмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Салық төлемеген 1000-нан астам алматылық демалысқа ұша алмайтын болды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz Алматыдағы Салық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 


Салық төлемеген 1000-нан астам алматылық демалысқа ұша алмайтын болды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz Алматыдағы Салық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Жалпы сомасы 247 миллион теңгені құрайтын салық бойынша 1248  азамат қарыз екен. Олардың 334-і қозғалтқышының көлемі 4000 куб сантиметр көліктердің иелері. Бұл азаматтар – салық бойынша қарыздарын 1 жылдан 4 жылға дейін төлемегендер. 

Айта кету керек, жыл басында Алматы қаласының соты түрлі сот актілері бойынша міндеттемелері бар 4848 азаматтың елден шығуына тиым салған болатын. Олардың арасында алимент төлеуден жалтарғандардан бастап, жол ережесін бұзғандар да бар. Ал осылардың 1248-і - салық бойынша қарызы бар азаматтар. 

"Қазіргі таңда салық бойынша қарыздары бар азаматтарға қарыздарын төлету, тіпті күштеп өндіру жұмыстары белсенді жүре бастады. Жыл басынан бері сотқа 2309 материал жіберілген. Олардың 1850-інен салық бойынша қарыздарын күштеп өндіруге шешім шығарылды. Осы орайда жаз мезгілі – демалыс маусымы екенін ескере отырып, Алматы қаласының салық департаментінің қызметкерлері салық төлемеген азаматтарға демалысқа жиналмас бұрын қарыздарын өтеуді ескертеді. Олай етпеген жағдайда қарызы бар азаматтар елден шетке шығарылмайды", - делінген баспасөз мәлімдемесінде. Естеріңізде болсын, әрбір салық төлеуші өзінің салық бойынша төлеуге міндетті қарызын Әділет министрлігінің ресми сайтынан біле алады.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети