03 ақпан 2017 10:48

"Самұрық-Қазына" өкілдері Есеп комитетінің заңбұзушылықтар анықтағанына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Самұрық-Қазына" өкілдері Есеп комитетінің компания қызметінен миллиардтаған сомаға заңбұзушылықтар анықтағанына қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыртқы және ішкі коммуникациялар департаментіне сілтеме жасап. 


"Самұрық-Қазына" өкілдері Есеп комитетінің компания қызметінен миллиардтаған сомаға заңбұзушылықтар анықтағанына қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыртқы және ішкі коммуникациялар департаментіне сілтеме жасап. 

"Самұрық-Қазына" АҚ басқарушы директоры Нұрлан Рахметовтың айтуынша, Есеп комитеті "ҚТЖ" жұмысында заңбұзушылықтар болғанын анықтауы - қаржы басқа мақсатта жұмсалды дегенді білдірмейді. 

"Қаржы игерілгенде кей процедуралар дұрыс жасалмаған. Мысалы, керекті банк кепілі емес, басқа түрі ұсынылды, алайда, нысанды салуға бұл еш әсер етпеген - құрылыс аяқталды. Мемлекетке қарасты сектор неліктен жекеменшік компаниялармен бәсекелесе алмайды? Маңыздысы мақсатқа жету ғой. Жеке компаниялар икемді келгендіктен шешімді тез қабылдап, жұмысын істейді. Ал бізде сатып алулар, процедуралар және тағы сол сияқтылар жетіп артылады. Біз жеке сектор сияқты икемді болмасақ, бәсекеге қабілетті бола алмаймыз", - делінген компанияның хабарламасында.  

Сонымен қатар, компания басшысы қордың бюджет қаржысын тиімді пайдалануды қадағалайтын өкілеті жоқтығын айтты.

"Тікелей өкілетіміз жоқ. Салық төлеу жағынан да - біздің кез келген қоржындас компания өзінше бөлек салық төлеуші. Ал біздің міндет - қаржыны алып, ҚТЖ-ға аудару. Біз осылай еттік, бұған қатысты Есеп комитетінің шағымы жоқ. Осыдан кейін ҚТЖ жобаны іске асыратын компания есебіне аударды. Заңбұзушылықтар тап осы компанияның қызметінен анықталды. Қорда қалай келісім жасалғаны, қандай компания таңдалғанын күнделікті бақылап отыратын механизм жоқ. Басқарушы холдингте бұлай жасалмайды да. Қорда мүлде ешқандай механизм жоқ деуге де болмайды. Қор өзінің директорлар кеңесін құрады, олар компанияның менеджементін жасайды да, осындай бақылау жасай алады", - делінген қордың хабарламасында. 

Еске салайық, Есеп комитеті "Самұрық-Қазына" жұмысына қатысты миллиардтаған теңгеге заңбұзушылық болғанын анықтаған болатын. Кейін, ҚТЖ өкілдері Есеп комитетінің теміржол салуда заңбұзушылықтар болған дегенінен қатысты пікірін білдірген еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети