27 қыркүйек 2016 11:19

Сарапшылар хоккейден өткен Универсиада жеребесі туралы өз ойларын білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty2017.com © almaty2017.com

2017 жылы Алматыда өтетін қысқы Универсиадада хоккей сайысында сынға түсетін ерлер мен әйелдер командалары жеребе арқылы қарсыластарын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі almaty2017.com сайтына сілтеме жасап.


2017 жылы Алматыда өтетін қысқы Универсиадада хоккей сайысында сынға түсетін ерлер мен әйелдер командалары жеребе арқылы қарсыластарын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі almaty2017.com сайтына сілтеме жасап.

Универсиадада 12 ер және 7 әйел құрамалары бақ сынайды. Ерлер құрамалары үш топқа, әйелдер құрамалары екі топқа бөлінді. Қазақстан жарыс қожайындары ретінде А тобына жайғасты. Студенттерден тұратын Қазақстанның ерлер құрамасы Универсиада сайысында топтық кезеңде Чехия, Швеция, Қытай хоккейшілерімен кездессе, Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары - Канада, Қытай және Ұлыбритания.

ҚР шайбалы хоккей федерациясының бас хатшысы Глеб Қаратаевтың айтуынша, Универсиадаға қатысатын командалардың ешбірі әлсіз емес. Сондықтан Қазақстан құрамасы бұл додада тек өзінің мықтылығын көрсетуі тиіс.

"Біздің құрамаларға қарсылас атанған командалардың әрқайсысы мықты. Тіпті, бұл командалар түспегеннің өзінде, қалған топқа түскен құрамалар да осал емес екенін ескеруіміз қажет. Өз елімізде өтетін дода болған соң, жоғарғы деңгейде өнер көрсетуіміз керек", - деді Глеб Қаратаев.

Сондай-ақ, Глеб Қаратаев Қазақстан студенттер құрамасының Универсиадаға дайындығы туралы да сөз өтті.

"Ерлер құрамасы желтоқсан айында бас қосып, жарыс алдындағы дайындығын пысықтайды. Ал, әйелдер құрамасы қаңтардың басында бас қосады. Біздің қос құрамамыз, 2017 жылдың қаңтар айында Алматыдағы Универсиадаға қатысатын АҚШ студенттер құрамасымен жолдастық кездесу өткізу туралы жоспарлары бар", - деп атап өтті ҚР шайбалы хоккей федерациясының бас хатшысы.

Ал, Канададан келген делегация өкілі  Ари Джошуа Гроссман, өз әйелдер құрамасының Қазақстанмен бір топқа түскен кезде, толқығанын айтады.

"Жарыс қожайындарымен бір топқа түскен кезде, толқып кеттім. Енді, Қазақстан құрамасымен тамаша мұз алаңда ойын көрсету үшін,  сайыстың басталғанын тағатсыздана күтудеміз. Сондай-ақ, біздің құрамамен бір топқа түскен ҚХР құрамасын өте мықты бәсекелес деп есептеймін. Олар таяудағы жарыстарда жүлдегер атанды. Төртінші команда - Ұлыбритания құрамасы. Олар соңғы жылдары өте қарқынды дамып өсіп келеді. Қарсыластарымызбен кездесуді асыға күтудеміз және де біздерді өте қызықты ойын күтіп тұр деп ойлаймын", - деді Ари Джошуа Гроссман.

Еске салайық, осыған дейін Алматыда Универсиада-2017 хоккей турнирінің жеребесі тартылған болатын. Шайбалы хоккей жарыстарына барлығы 12 ер және 7 әйел командасы қатыспақ. Ерлер командасы 4 командадан тұратын 3 топқа, ал әйелдер тобында 4 команда, В тобында 3 команда болып 2 топқа бөлінді. Қазақстан Ойындарды өткізіп отырған қожайын ел ретінде А тобында нөмір бірінші команда болып жарысқа түсетін болады.Ерлер құрамасы арасында жеребе тарту нәтижелері келесідей: А тобында Қазақстан,Чехия, Швеция, Қытай өнер көрсетеді. В тобының құрамына Канада, Словакия, АҚШ, Ұлыбритания, С тобына Ресей, Жапония, Корея, Латвия кірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети