22 тамыз 2014 12:46

Сарапшылар ұзаққа созылатын жазғы каникулды сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы білім берудің негізгі мәселелерін атады. Республикалық тамыз кеңесінде ҚР БҒМ Ақпараттық-талдау орталығының директоры Серік Ирсалиев зерттеу нәтижелерін жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы білім берудің негізгі мәселелерін атады. Республикалық тамыз кеңесінде ҚР БҒМ Ақпараттық-талдау орталығының директоры Серік Ирсалиев зерттеу нәтижелерін жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Орта білім саласында мынадай проблемалар бар: білім сапасын саралаудың биік деңгейі - үздік және нашар мектептер арасындағы айырма. ҰБТ көрсеткіштері бойынша үздік және нашар аймақтар арасындағы айырма - 30 балға тең. Үздік және нашар мектептер арасында - 125 балдың ішіннен 70 балл. Сарапшылар мұны элиталық білімге ауысумен және оқу үлгерімі нашар оқушыларға дұрыс көңіл бөлінбеуімен байланыстырады", - деді Ирсалиев.

Шенеуніктің айтуынша, сарапшылар оқу бағдарламасын, оқу аптасы мен ұзақ каникулдарды да сынаған. "Мектептегі оқу бағдарламасының тым көптігі мен білім мазмұнының қазіргі талаптарға сәйкес келмеуі, осының бәрі функционалдық сауаттылық деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғады. Үшіншіден, оқу аптасының тым ұзақтығы мен негізсіз ұзаққа созылатын жазғы каникул. Оқыту жүйесінің жетілмегендігі бесбалдық жүйемен есептегенде, үш балға тең. Сарапшылар Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматын да сынға алып отыр", - дейді Ирсалиев.

Сарапшылар оқу бағдарламасының ауқымын, оқу аптасы мен тоқсандарының ұзақтығын ретке келтіруді, мектептің әр кезеңінің соңына қарай тестілеу енгізуді, ҰБТ форматын қайта қарауды ұсынып отыр.

Бұған дейін бұрынғы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов та жазғы каникул уақытын қысқартуға қатысты пікір білдірген болатын. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети