13 тамыз 2015 17:41

Сәрінжіпов пен Перуашевтің арасындағы дауға нүкте қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашаев пен ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің арасындағы дауға нүкте қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашаев пен ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің арасындағы дауға нүкте қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Осы жылдың 5 маусымында Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу департаментіне Бас прокуратурадан Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашаевтың ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің жеке меншік жоғары оқу орындарының мүддесін қорғау туралы айтқан сөзіне қатысты жазбаша өтініші келіп түсті.  
Өтініштің түсу дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 376-бабының 2-бөлігі бойынша (Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының абыройы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау) сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, ІІД баспасөз қызметінің өкілдері тергеу барысында істің жағдайын тексеруге қажетті тергеу амалдарының, оның ішінде тиісті сараптамалардың жүргізілгенін хабарлады.

Сөйтіп, тергеу нәтижелері бойынша қылмыс құрамының болмауына байланысты іс бойынша сотқа дейінгі өндіріс тоқтатылды.  

Айта кетейік, биыл 22 маусымда ІІД басшысы Қалмұханбет Қасымов министр мен мәжілісмен қатысқан іс бойынша соталды тергеудің басталғанын хабарлаған еді. Екі жақ тараптан жауап алынды.

Еске сала кетейік, Парламент Мәжілісінде "Ақ жол" партиясы фракциясының депутаты Азат Перуашев министрдің заңды өзгерту туралы ұсынысына орай Аслан Сәрінжіповке ҚР Білім және ғылым министрі қызметінен кетуді ұсынған болатын. "Заңды үнемі өзгерте бергеннен кейде министрді ауыстыру тиімдірек", - деді депутат.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети